8. ПАйғАМбАРыМыЗдың САПАРдА
ЖүРІП хАлыҚТы иСлАМғА шАҚыРуы
бір бәдәуиді исламға шақыруы
Ибн Омар (р.а.) былай дейді: «Бірде Аллаһ расулы
(с.а.с.) екеуіміз бір сапарға шықтық. Жолда бір бәдәуиге
жолықтық. Аллаһ расулы одан қайда бара жатқанын
сұрады. Бәдәуи: – Үйіме бара жатырмын, – деп жауап
берді. Ардақты елші:
– Бір қайырлы іс жасауға қалай қарайсың? – деп
сұрады. Әлгі адам:
– Қандай? – деп сұрағанда, Пайғамбарымыз:
– Бір Аллаһтан басқа тәңір жоқ екеніне, серігі мен
теңдесі жоқ екеніне, Мұхаммедтің Аллаһтың құлы әрі
расулы екеніне куәлік етесің бе? – дейді.
– Айтқандарыңның растығын қалай дәлелдейсің? –
деп сұрады бәдәуи. Пайғамбарымыз:
– Мына көріп тұрған ағашың менің сөздеріме
дәлел болады, – дейді де, оң жақта тұрған ағашты өзіне
шақырады. Ағаш жер жыртқан соқадай артына бораз-
да із қалдырып, пайғамбарымыздың алдына «келеді».
Аллаһ расулы ағашқа үш рет куәлік айтқызды. Бұдан
кейін ағаш қайта өз орнына барып тұрды. Бәдәуи кетіп
бара жатып: «Егер қауымым маған бағынатын болса,
оларды да саған ертіп әкелемін. Мені тыңдамаса, өзім
келіп, сенімен бірге боламын», – деді»
114
.
114
Ибн Кәсир, әл-Бидая 6/125
96
Сахабалар салған сара жол
Достарыңызбен бөлісу: |