|
Сахабалар – иманы берік, адал жандарБайланысты: sahabalar omiri Сахабалар – иманы берік, адал жандар
«Аллаһ нәсіп еткен бұл олжалар сол һижрет еткен
кедейлерге тән, олар Аллаһтың мейірімі мен разылығын
жан жүрегімен қалап, Аллаһтың дініне және расулы-
на қолдау көрсету үшін өз еркімен кір жуып, кіндік
кескен атамекенінен кетіп, мал-мүліктерінен айы-
рылды. Міне, иманы шынайы болғандар – тек солар.
Олардан бұрын Мәдинаға қоныстанып, иман келтір-
гендер өздерінің құтты мекеніне келгендерге құрмет
көрсетіп, оларға берілген олжаға іштарлық танытпа-
ды. Тіпті, өздері мұқтаж бола тұра, алдымен соларға
берілгенін қалайтын. Кімде-кім нәпсіқұмарлық пен
дүниеқоңыздықтан сақтанса, міне, нағыз мол табысқа
кенелушілер солар болады» («Хашр», 59/8-9).
«Аллаһқа берген сөздерінде тұрып, өздерінің
адалдықтарын көрсеткен мүміндер арасында сон-
дай ерлер бар. Олардың кейбірі құрбан шалды, жа-
19
Сахабалар салған сара жол
нын пида етті, кейбірі шейіт болуды көздеді. Бер-
ген сөздерінен ешқашан таймайды. Аллаһ осындай
адалдық иелерін шынайылықтары үшін сыйға бөлейді.
Ал мұнафықтарды қаласа азаптайды, қаласа тәубе
нәсіп етіп, тәубелерін қабыл етеді. Өйткені, Аллаһ
өте кешірімді, аса мейірімді» («Ахзап», 33/23-24).
Достарыңызбен бөлісу: |
|
|