24. иСлАМғА шАҚыРу МАҚСАТындА
САхАбАлАРдың ЕлшІ РЕТІндЕ
ЖІбЕРІлуІ
хишам ибн Ас пен жолдастарының
ираклийге жіберілуі
Хишам ибн Ас әл-Әмәуи (р.а.) айтады: «Әбу
Бәкірдің халифалығы кезінде бір жолдасым екеуміз
Рим императоры Ираклийді Исламға шақыру үшін
елші етіп тағайындалдық. Жолға шықтық. Шамға жет-
кенде, Жәбәла ибн Әйхам әл-Ғассаниға қонақ болдық.
Біз барған кезде, Жәбәла өз орнында отырған еді. Біз:
«Елшімен сөйлеспейміз, тек патшамен тікелей кездесіп,
тілдесу үшін келдік, рұқсат берсеңіз, онымен көзбе-көз
сөйлессек», – дедік.
Елші кері қайтып, біздің сөзімізді жеткізді. Пат-
ша кездесуге келісіп, бізден: «Не қалайсыңдар?» – деп
сұрады.
Сөзді Хишам ибн Ас бастап, патшаға Ислам
туралы айтты. Патша шымқай қара киініп алып-
ты. Хишам: «Былайша киінуіңнің мәнісі не?» – деп
сұрағанда, патша: «Ант етемін, сендерді Шамнан
қуып шықпайынша, бұл киімімді шешпеймін», – деді.
Біз: «Мына астыңдағы тағыңды да аламыз. Ұлы би-
леуші Кисраның сұлтандығының да шаңырағын ор-
тасына түсіретінімізге күмәнің болмасын. Мұны бізге
Пайғамбарымыз Мұхаммед айтты», – дедік. Патша: «Бұл
айтқандарыңды сендер емес, күндіз ораза тұтумен, түні
намазбен өткізетін қауым жүзеге асырады», – деді»
171
.
171
әл-Хинди, Кәнзул-уммал 10/817 (30309)
191
Аллаһ пен расулына шақыру
Достарыңызбен бөлісу: |