26. ПАйғАМбАРыМыЗдың
КЕЗІндЕ САхАбАлАРдың СоғыС
МАйдАндАРындА АдАМдАРды
иСлАМғА шАҚыРуы
Мүслим ибн харис әт-Тәмимидің
шақыруы
Харис ибн Мүслим әкесінің былай дегенін айта-
ды: «Пайғамбар
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)
бізден бір жасақ
құрып, тапсырмамен әлдебір аймаққа жұмсады.
Соғысатын жерге барған кезде, алға озып шығып, жол-
дастарымды артта қалдырдым. Дабырлап келе жатқан
бір қауыммен кездестім. Мен: «Лә иләһә иллаллаһ»
деңдер, ақыретте азапқа ұшырамайсыңдар!» – дедім.
Олар менің айтқанымды істеді. Жолдастарым келген-
де, мені айыптап: «Бізді өз аяғымен келіп қолымызға
түсіп тұрған олжадан айырдың», – деп реніштерін біл-
дірді. Олар қайтып оралғаннан кейін, бұл жағдайды
Пайғамбарымызға айтты. Аллаһ елшісі мені шақырып,
жасаған ісіме ризалығын білдіріп: «Мынаны жақсылап
біліп ал: Хақ тағала сол адамдардың әрқайсысы үшін
саған үлкен сауап жазды», – деді. Өйткені мен олардың
тура жолға түсуіне себепші болған едім.
Сосын Пайғамбарымыз
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)
: «Қара,
менен кейін келетін мұсылмандардың имамдарына
сен үшін бір хат жазып, оларға сені қолдап-қорғауды
тапсырамын», – деді. Хатқа мөр соғып, маған бер-
ді де: «Бамдат намазын оқығаннан кейін ешкіммен
сөйлеспестен жеті рет «Аллаһ тағалам! Мені жаһаннам
отынан қорға!» дейсің. Егер сол күні өлсең, Аллаһ сен
үшін «Оттан қорғалған» деп жазады. Ақшам намазынан
кейін ешкіммен сөйлеспестен, тағы да жеті рет «Аллаһ
тағалам! Мені жаһаннам отынан қорға!» дейсің. Сол
194
Сахабалар салған сара жол
түні қайтыс болсаң, Аллаһ сен үшін «Оттан қорғалған»
деп жазады», – деді.
Пайғамбарымыз (с.а.с.) қайтыс болғаннан кейін,
хатты Әбу Бәкірге (р.а.) апардым. Ашып оқыды да,
маған көмек берілуін бұйырды. Сөйтіп, хатты мөрлеп,
өзіме қайтарып берді. Сосын хатты Омарға (р.а.) апар-
дым, ол да солай жасады. Кейін Осман да (р.а.) алдыңғы
екі халифаның ісін қайталады».
Осы кісінің баласы Мүслим былай дейді: «Әкем
Харис Османның халифалығы кезінде қайтыс болды.
Омар ибн Абдулазиз халифа болғанға дейін, хат бізде
болды. Омар ибн Абдулазиз халифалыққа келгенде,
біздің аймақтың басшысына: «Мүслим ибн Харисті
Пайғамбарымыздың
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)
жазған хатымен
бірге маған жібер», – деді. Мен хатты алып бардым.
Ол хатты оқып, маған көмек берілуін бұйырып, оны
мөрлеп өзіме қайтарды»
173
.
Достарыңызбен бөлісу: |