Алматы 2010 Мұхаммед Юсуф Кандахлауи



Pdf көрінісі
бет103/349
Дата07.01.2022
өлшемі1,93 Mb.
#19929
1   ...   99   100   101   102   103   104   105   106   ...   349
Байланысты:
sahabalar omiri

25. иМАнғА шАҚыРу үшІн 

САхАбАлАРдың хАТТАР ЖІбЕРуІ 

Зияд ибн Харис әс-Судаи (р.а.) былай деген: «Аллаһ 

расулына 

(саллаллаһу  аләйһи  уә  сәлләм)

  барып,  серт  бердім.  Сол 

кезде Расулаллаһтың менің қауымыма әскер жібергенін 

естіп: «Уа, Расулаллаһ, әскеріңді кері қайтар, қауымым 

Исламға кіріп, мойынсұнады деп ойлаймын», – дедім. 

Ол  келісіп,  маған  әскерді  кері  қайтаруды  тапсырды. 

Мен оған мініс көлігімнің қатты болдырғанын айттым. 

Сосын  ол  басқа  біреуді  жіберіп,  әскерін  кері 

қайтарды.  Мен  қауымыма  хат  жаздым.  Хатымды 

алғаннан  кейін,  Исламға  кіргендіктерін  білдіру  үшін 

қауымым елшілер жіберіпті. Расулаллаһ: «Судалық ба-

уырым! Сен, шынында да, қауымыңның арасында бе-

делді адам екенсің», – деді. «Жоқ, оларды тура жолға 

салған Аллаһ тағала», – деп айттым. Ол маған: «Сені 

оларға басшы етейін бе?» – деді. Мен: «Жарайды», – 

деп келістім.

Осыған орай, Аллаһ расулы мені басшы еткендігі 

туралы хат жазды. «Уа, Расулаллаһ, маған зекеттерінің 

бір мөлшерін берулерін де бұйырыңыз», – дедім мен. 

Ол: «Жарайды», – деп екінші хатты жазды. Бұл оқиға 

Пайғамбарымыз  сапарда  жүрген  кездерінің  бірінде 

орын алған еді. 

Расулаллаһ  бір  жерге  тоқтағанда,  сол  жердің 

халқынан біраз адамдар келіп, басшыларының үстінен 

шағым айтады: «Надандық дәуірінде оның қауымымен 

арамызда шетін оқиға болған еді, соның өшін енді біз-

ден  алуда»,  –  дейді.  Расулаллаһ  басшымыздың  бақай 

есептің адамы екеніне әбден көз жеткізген соң, сахаба-



192

Сахабалар салған сара жол

ларына (араларында мен де бар болатынмын): «Мүмін 

адам үшін басшылықтан қайыр жоқ», – деді. 

Судаи айтады: «Аллаһ расулының осы сөзі маған 

қатты  әсер  етті.  Сол  сәтте  тағы  бір  адам  келіп:  «Уа, 

Расулаллаһ,  маған  бір  нәрсе  бер»,  –  деп  сұрайды. 

Пайғамбарымыз: «Мұқтаж болмаса да, біреуге алақан 

жайған адамның бұл әрекеті өзіне кесел боп жабысады. 

Нақтырақ айтсақ, басы не іші ауыратын болады», – деді. 

Әлгі  адам:  «Онда  зекеттен  бер»,  –  дейді.  Расулаллаһ: 

«Аллаһ  тағала  зекет  мәселесінде  пайғамбардың  да, 

басқа адамдардың да үкіміне разылық білдірмейді. Зе-

кет туралы үкімді Өзі белгілеген, зекет берілетін адам-

дарды сегіз топқа бөлген. Егер сен осы топтардың біріне 

кіретін болсаң, әрине, сен де құр қалмайсың», – дейді. 

Пайғамбарымыздың  бұл  сөзі  де  маған  үлкен  ой 

салды. Өйткені мен дәулетім жете тұра, садақа сұраған 

едім. Аллаһ расулы намазын оқығаннан кейін, сол екі 

хатты әкеліп: «Уа, Расулаллаһ, мына екеуіне байланыс-

ты кешірім сұраймын», – дедім. «Ойыңа не түсті?» – деп 

сұрады ол. «Жаңа сенен мүмін адам үшін басшылықта 

қайыр  жоқ  екенін  естідім.  Алайда  мен  Аллаһ  пен  ра-

сулына  сенемін  және  сенің  сөзіңнен  мұқтаждығы 

жоқ  адамның  өзгеге  алақан  жайып,  тілемсектенуінің 

арты  жақсылыққа  апармайтынын  ұқтым»,  –  дедім. 

Расулаллаһ: «Мұны қабылдасаң да, бас тартсаң да, өз 

еркің», – деді. Мен: «Бас тартамын», – дедім. Ол: «Олай 

болса, маған басқа адамды көрсет, сендерге басшы етіп 

тағайындайын», – деді. Мен келген кеңестің ішінен бір 

адамды көрсеттім, ол соны тағайындады»

172

.

172



 әл-Хинди, Кәнзул-уммал 13/375 (37075)


193

Аллаһ пен расулына шақыру



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   99   100   101   102   103   104   105   106   ...   349




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет