сұрайды. Одан соң екеуара мынадай әңгіме өрбиді:
181
Аллаһ пен расулына шақыру
– Мұхаммед пе?
– Иә.
– Саған қоятын сауалдарым бар, ренжіме.
– Ренжімеймін, қалаған сұрағыңды сұрай бер.
– Сенің, сенен бұрынғылардың және сенен кейін
келетіндердің тәңірі болған Аллаһ үшін айт, сені бізге
пайғамбар етіп Аллаһ жіберді ме?
– Иә, Аллаһ жіберді.
– Мақұл делік, сенің, сенен бұрынғылардың және
сенен кейін келетіндердің тәңірі болған Аллаһ үшін айт,
тек Соған ғана ғибадат жасауымызды, Оған еш нәрсені
ортақ етіп қоспауды, ата-бабаларымыз табынып келген
пұттарды құртуды саған Аллаһ бұйырды ма?
– Иә, Аллаһ.
– Сенің, сенен бұрынғылардың және сенен кейін
келетіндердің тәңірі болған Аллаһ үшін айт, мына бес
уақыт намаз оқуды саған Аллаһ бұйырды ма?
– Иә, Аллаһ бұйырды.
Дымам осылайша Исламның басқа парыздары,
зекет, ораза және қажылық туралы жеке-жеке сұрап,
Пайғамбарымызға Исламның негіздеріне қатысты
бірталай сұрақ қояды. Пайғамбарымыздың жауабына
көңілі толып «Әшһәду ән лә иләһә иллаллаһ уә әшһәду
әннә Мұхаммәдән абдуһу уә расулуһу, – дейді де, –
Осы парыздардың барлығын орындаймын, тыйым
салынған әдет-әрекеттерден аулақ боламын. Одан
артық та, кем де жасамаймын», – дейді. Аллаһ расулы:
«Қос өрім шашты адам айтқанында тұрса, жұмаққа ба-
рады», – дейді.
Дымам түйесіне мініп, Мәдинаға қайтады. Еліне
келгенде, төңірегіне қарақұрым адам жиналады. Оның
алғаш айтқан сөзі: «Лат пен Узза пұттары неткен жа-
182
Сахабалар салған сара жол
ман еді!» – болды. «Тоқтат, ей, Дымам! Алапес басып,
жынданасың. Сен не айтып тұрсың?» – дейді адамдар.
Дымам: «Сендерге обал. Бұл екі пұт ешкімге зиян да,
пайда да әкелмейді. Хақ тағала бір пайғамбар жіберді.
Оған сендерді мына жағдайдан құтқаратын бір кітап
түсірді. Мен жалғыз, дара, серігі болмаған Аллаһтан
басқа құдай жоқ екеніне, Мұхаммед Оның құлы әрі
елшісі екеніне куәлік етемін. Мен Аллаһтан сендерге
арналған бұйрықтары мен тыйымдарын алып келдім»,
– дейді».
Хадис жеткізушінің ары қарайғы сөзі былайша
өрбиді: «Аллаһқа ант етемін, сол күні кешке дейін
Дымам тайпасында Исламға кірмеген бірде-бір адам
қалмады. Сосын олар мешіт салып, намаз үшін азан
шақырды»
167
.
Достарыңызбен бөлісу: