Алматы 2010 Мұхаммед Юсуф Кандахлауи


Құрайыштардың Пайғамбарымызға



Pdf көрінісі
бет140/349
Дата07.01.2022
өлшемі1,93 Mb.
#19929
1   ...   136   137   138   139   140   141   142   143   ...   349
Құрайыштардың Пайғамбарымызға 

көрсеткен тағы бір қорлығы 

Абдуллаһ  ибн  Мәсғуд  (р.а.)  былай  дейді:  «Бір-

де Пайғамбарымыз Қағбада намаз оқиды. Әбу Жәһіл, 

Рабианың ұлдары Шәйба мен Утба, Уқба ибн Әбу Му-

айт, Умәйя ибн Халаф және тағы екі кісі Хижрда отырған 

болатын.  Расулаллаһ  сәждеге  барғанда,  ұзақ  уақыт 

қимылсыз  қалды.  Сонда  Әбу  Жәһіл  «Мұхаммедтің 

үстіне  ақтаруға  жаңа  сойылған  түйенің  ішек-қарнын 

кім әкеледі?» – деді. 

Құрайыштың,  бәлкім,  күллі  адамзаттың  ең 

жексұрыны Уқба ибн Әбу Муайт кетті де, жаңа сойылған 

түйенің ішек-қарнын әкелді. Сөйтті де оны сәждеге бас 

қойған Аллаһ расулының арқасына ақтара салды.

Ибн Мәсғуд айтады: «Мен сілейіп тұрып қалдым, 

тілім  байланып  қалғандай,  үнім  де  шықпай  қалды. 

Оларға  қарсылық  білдіруге  дәрмен  жоқ.  Сол  кезде  

Құрайыштардың  ыстықтан  аңылжыған  ауаны  дар-дар 

жыртқан есірік әрі дарақы күлкісінен секем алған бо-

луы керек, Фатима (р.а.) алқын-жұлқын жүгіріп келіп, 

әкесі үшін шыр-пыр болып, үстіндегілерді алып таста-

ды да, тілі жеткенше Құрайыштарды жерден алып, жер-

ге салып сыбады-ай. Олар жанарынан жас сырғанаған 

Фатимаға  ләм-мим  деп  жауап  қайтармады.  Аллаһ  ра-

сулы (с.а.с.) сәждесін бітіріп, басын көтерді. Намазын 

аяқтап  үш  рет  «Аллаһ  тағалам!  Құрайыштарды  саған 

тапсырамын.  Утбаны,  Уқбаны,  Әбу  Жәһілді  және 

222

 Ибн Кәсир, әл-Бидая 3/271




246

Сахабалар салған сара жол

Шәйбаны саған тапсырамын. Қолымнан ештеңе келер 

емес», – деп дұға етті. 

Содан  кейін  Харам  мешітінен  шыққан  бетінде 

Әбул-Бахтериге кезікті. Ол таяғына сүйеніп, ауыр ойға 

шомып  тұр  екен.  Пайғамбарымыздың 

(саллаллаһу  аләйһи  уә 

сәлләм)


 жабырқау жүзін байқап: «Саған не болды?» – деп 

сұрайды. Аллаһ расулы: «Жолымды бөгемеші», – дейді. 

Әбул-Бахтери: «Құдай ақы, не болғанын айтпайыңша, 

кетпеймін. Саған бір нәрсе болды, кәне, айт!» – деп тұрып 

алады.  Аллаһ  расулы  басынан  өткен  жағдайды  қысқа 

қайырып, құлықсыз баяндайды. Өңі өрт сөндіргендей, 

Әбул- Бахтери Харам мешітіне тартады. Әбул-Бахтери 

Әбу  Жәһілге:  «Әбул-Хакәм,  Мұхаммедтің  үстіне 

түйенің қан-жынын қотарған сен бе?» – деп сұрайды. 

Әбу  Жәһіл:  «Иә»,  –  дейді  мізбақпай  тесірейе  қарап. 

Оның  бұл  оспадарлығына  жаны  күйіп  кеткен  Әбул-

Бахтери  қолындағы  таяғымен  Әбу  Жәһілдің  басынан 

салып  қалады.  Сол  жердегілер  ұйлығысып,  бір-біріне 

тығылды. Әбу Жәһіл: «Сенің бұл әрекетің бізді досқа 

күлкі, дұшпанға таба ететін болды. Мұхаммед арамызға 

іріткі салып, өзі мен жолдастарын құтқарғысы келеді!» 

– деп ашына айқайлады»

223


.

Бұхаридің  риуаятында  бұл  оқиға  былай  беріледі: 

«...Уқба  ибн  Әбу  Муайт  қан-жынды  әкеп  Аллаһ 

расулының  арқасына  ақтара  салады.  Оған  барлығы 

қарқылдап күледі. Тіпті ішек-сілесі қатқан біреуі әлгі 

жерде құлап қалмау үшін қасындағыға сүйенді».

Ахмәд ибн Ханбәлдің риуаятында да осы оқиғаға 

қатысты  мынадай  мәлімет  кездеседі:  «Абдуллаһ  ибн 

Мәсғуд айтады: «Уаллаһи, Аллаһ расулы (с.а.с.) есім-

223


 Хайсами, Мәжмәуз-зәуаид 6/13 (9818)


247

Пайғамбарымыздың Аллаһ жолында шеккен қиындықтары

дерін атап тұрып, Аллаһқа тапсырған сол мүшріктердің 

барлығы Бәдір соғысында жер жастанды»

224


.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   136   137   138   139   140   141   142   143   ...   349




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет