Алматы 2010 Мұхаммед Юсуф Кандахлауи


Әбу Жәһілдің Пайғамбарымызға көрсеткен



Pdf көрінісі
бет141/349
Дата07.01.2022
өлшемі1,93 Mb.
#19929
1   ...   137   138   139   140   141   142   143   144   ...   349
Байланысты:
sahabalar omiri

Әбу Жәһілдің Пайғамбарымызға көрсеткен  

қорлығы және хамзаның Әбу Жәһілге қол 

көтеруі

Табарани  жеткізеді:  «Бір  күні  Әбу  Жәһіл 

Сафа  жотасында  аузына  келген  бидғат  сөздермен 

Пайғамбарымыздың  шамына  тиді.  Хамза  аңшы  бола-

тын. Сол күні ол із кесіп кеткен болатын. Саят құрып 

үйіне  оралған  кезде,  Әбу  Жәһілдің  Пайғамбарымызға 

жасағандарын  көрген  әйелі:  «Ей,  Әба  Умара!  Әбу 

Жәһілдің  ағаңның  баласына  жасағанын  көргеніңде 

ғой»,  –  деді.  Мұны  естіген  Хамза  ашуланып,  үйіне 

бір кіріп, бір шығып тағат таппайды. Садағын әлі ше-

шпеген болатын. Байыз таппай Харам мешітіне қарай 

тартты.  Әбу  Жәһілді  тауып  алып,  ләм-мим  деместен, 

садағымен басынан салып жіберді. Әбу Жәһілдің басы-

көзін қан жуып кетті. Құрайыштың адамдары жабылып 

жүріп,  Хамзаны  бұдан  арғы  әрекетке  жібермей,  қол-

аяғынан мықтап ұстап, тыпыр еткізбейді. Сонда Хамза: 

«Менің дінім – Мұхаммедтің діні, куәлік етемін, ол – 

Аллаһтың  расулы.  Мен  өз  айтқанымнан  қайтпаймын. 

Кәне,  қайсың  барсыңдар  маған  қарсы  келер  жүрек 

жұтқан?» – дейді. 

Хамзаның  Исламға  кіруіне  байланысты  мұсыл-

мандар  күшейіп,  емін-еркін  жүретін  болды.  Ал, 

Құрайыштар аяқ тартып, қадамдарын абайлап басатын 

болды. Өйткені олар Хамзаның (р.а.) пайғамбарды өз 

қорғауына алғанын түсінген еді»

225


224


 Ибн Кәсир, әл-Бидая 3/44

225


 Табарани, әл-Муғжамул-кәбир 3/140 (2926)


248

Сахабалар салған сара жол



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   137   138   139   140   141   142   143   144   ...   349




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет