Алматы 2010 Мұхаммед Юсуф Кандахлауи


Көрген қиындықтарына омардың (р.а.)



Pdf көрінісі
бет149/349
Дата07.01.2022
өлшемі1,93 Mb.
#19929
1   ...   145   146   147   148   149   150   151   152   ...   349
Көрген қиындықтарына омардың (р.а.) 

төтеп беруі

Ибн  Омар 

(р.а.)

  айтады:  «Әкем  Омар  Исламды 



қабылдаған  бойда  Құрайыштардың  ішінде  сөз  тасуда 

кімнің алдына жан салмайтынын сұрастыра келе, бұл 

өңірде  Жәмил  ибн  Мамәр  әл-Жумәхиден  өткен  есті-

гені  мен  көргенін  сол  бетте  басқа  біреуге  жеткізген-

ше байыз тауып отыра алмайтын, ең сорақысы, өсек-

аяңға келгенде түңлігі желпілдеп желдей есетін адамды 

таппайды.  Әкемнің  не  ойлағанын  білу  үшін  қасынан 

қалмадым.  Ол  кезде  көрген-білгенімді  тез  қабылдап 

алатын  қағылез  бала  болатынмын.  Әкем  Жәмилге 

салған жерден: «Жәмил, білесің бе? Мен мұсылман бо-

лып, Мұхаммедтің дініне кірдім», – деді.

233


 Ибн Кәсир, әл-Бидая 3/94

234


 Ибн Кәсир, әл-Бидая 3/95


261

Пайғамбарымыздың Аллаһ жолында шеккен қиындықтары

Омардың аузынан осы сөз шығуы мұң екен, Жәмил 

құбыжық көргендей бірден құтылғанша асық боп сыртқа 

атып шықты. Біз оның артынан аңырайып, қарадық та 

қалдық. Ол ешқайда бұрылмай, Харам мешітіне тартты. 

Қағба маңында ерігіп отырған Құрайыштарға бар дау-

сымен: «Ей, жарандар! Хаттабтың баласы Омар дінінен 

шығыпты»! – деп алқына айғай салды.

Оның  соңынан  іле-шала  біз  де  кідірмей  Қағбаға 

жеттік.  Ол  ауыз  жиып  болғанша,  Омар  (р.а.):  «Ол 

өтірік айтады. Мен мұсылман болдым, Аллаһтан басқа 

тәңір  жоқ  екеніне,  Мұхаммедтің  Аллаһтың  расулы 

екеніне иман келтірдім», – деген кезде, қаны қарайған 

мүшріктер  Омарға  ұмыр-жұмыр  жабыла  кетті.  Омар  

(р.а.) олармен күн төбеге жеткенше алысты. Соңында 

Омар  (р.а.)  шаршап  барып  отырды.  Құрайыштардың 

да  тайсақтап,  тарқай  қоятын  түрі  көрінбейді.  Омар 

оларға:  «Ойларыңа  келгенін  істеңдер.  Аллаһқа  ант 

етемін, егер біздің қатарымыз үш жүздің ар жақ, бер 

жағында  болғанда,  тап  осы  жерге  аттап  басқызбас 

едік», – дейді.

Олар  осылай  бір-біріне  жеңсік  бермей,  сөз 

қағыстырып тұрғанда үстінде йеменше әдіптелген ша-

паны бар, көйлегі де әдемі, жасы бірталайға кеп қалған 

Құрайыштың бір шалы шыға келді. Келді де: «Не бо-

лып жатыр?» – деп сұрады. «Омар діннен шығыпты», 

– дейді жиналғандар. Шал: «Жайына қалдырғандарың 

жөн  оны.  Омар  өз  таңдауын  жасапты.  Енді  оған  не 

істемекшісіңдер? Адыйұлдары өз адамдарын осылайша 

сендерге оңайлықпен беріп қоя салады деп ойлайсыңдар 

ма? Оны жіберіңдер, кете берсін», – дейді. Мүшріктер 

Құрайыштық егде адамнаң тілін алып, жөніне тарайды. 

Мәдинаға  һижрет  етіп,  өрісіміз  кеңейіп,  тынысымыз 



262

Сахабалар салған сара жол

кеңіп  қалғандай  болды.  «Әке!  Сен  мұсылман  болған 

күні  Меккедегі  халықты  таратқан  сол  адам  кім  еді?» 

деп сұрағанымда, «Балам, ол Ас ибн Уаил әс-Сәхми бо-

латын» – деді

235






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   145   146   147   148   149   150   151   152   ...   349




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет