Алматы 2010 Мұхаммед Юсуф Кандахлауи


осы туралы уруадан жеткен риуаят



Pdf көрінісі
бет212/349
Дата07.01.2022
өлшемі1,93 Mb.
#19929
1   ...   208   209   210   211   212   213   214   215   ...   349
Байланысты:
sahabalar omiri

осы туралы уруадан жеткен риуаят

Уруа 

(р.а.)


 айтады: «Қажылық маусымында ансар-

лардан бір топ мұсылман қажылыққа келді. Олар Ма-

зин ибн Нәжжарұлдарынан Муаз ибн Афра, Әсад ибн 

Зүрара, Зурайкұлдарынан Рафи ибн Мәлік, Зәкуан ибн 

Абдулқайс, Абдулашхалұлдарынан Әбул- Хайсам ибн 

Тәйихан, Амр ибн Ауфұлдарынан Уәйм ибн Саида 

(р.а.)

 

болатын.



Аллаһ расулы 

(с.а.с.)


 оларға өзінің Аллаһ жіберген 

пайғамбар екенін айтып, Құраннан аяттар оқиды. Олар 

Пайғамбарымыздың  сөздерін  сілтідей  тынып,  ұйып 

тыңдады. Ақырзаман пайғамбарының сипаттары тура-

лы христиандар мен яһудилерден естігендерін естеріне 

түсіріп, оны танып, иман келтірді. Осылайша өздерінен 

кейін  келетіндердің  де  ізгілікке    қауышуына  себеп-

ші болды. Кездескен кезде олар Пайғамбарымызға: 

«Әус тайпасы мен Хазрәж тайпасы арасындағы қан да-

уын білесің. Аллаһ тағала сенің бастаған ісіңді жеңіске 

жеткізгенін  тілейміз.  Аллаһ  үшін  осы  жолда  бары-

мызды  салып  өзіңе  аянбай  қызмет  жасаймыз.  Сен 

қазірше осы жерде бола тұр. Біз өз қауымымызға сенің 

342


 Ахмад ибн Ханбәл, Мүснәд 3/390 (15229)


350

Сахабалар салған сара жол

айтқандарыңды жеткіземіз. Оларды да Ислам жолына 

шақырайық. Аллаһ тағала арамызды жақындатып, біз-

ді бір шаңырақтың астында жинайды деп үміттенеміз. 

Қазірше  мүмкіндігіміз  жоқ,  сізді  ертіп  кете  алмай-

мыз.  Өйткені,  біздің  бұл  шешімімізге  олардың  қалай 

қарайтынын білмейміз. Келесі жылғы қажылық маусы-

мында кездесуге саған уәде береміз», – дейді.

Ансарлардың  айтқандары  көңілге  қонымды, 

ақылға сиымды болғандықтан, Аллаһ расулы олардың 

осы уәжіне тоқтайды. Меккеден қайтқан мұсылмандар 

өз  қауымына  Исламды  жасырын  уағыздай  бастады. 

Халыққа  Расулаллаһ  туралы  айтып,  Аллаһтың  оны 

пайғамбар етіп жібергенін, Құран арқылы Аллаһқа иман 

келтіруге шақырғанын түсіндірді. Осының нәтижесінде 

ансарларда әр жанұяда (үш-төрт) мұсылманы жоқ бір-

де-бір шаңырақ қалмаған еді»

343


.

Яхия ибн Саид айтады: «Бір ансар әйелінің: «Мен 

Ибн Аббасты көрдім, Сырма ибн Кайстың қасына ба-

рып, мына өлеңді үйренетін» дегенін естідім:

Аллаһ расулы он жылдан астам уақыт Құрайыштың 

ішінде болып, сенімді серік іздеп, оларға уағыз айтты. 

Қажылық  маусымында  тайпаларға  өтініш  білдірді. 

Алайда,  өзіне  қол  ұшын  созатын  жан  баласын  таппа-

ды.  Біздің  қауым  оны  бауырына  басты.  Оның  көңілі 

марқайып,  бізге  ризалық  білдірді.  Енді  алыстағы 

залымдардың  қиянатынан  қорықпайтын,  азғындаған 

адамдардан  қауіптенбейтін  болдық.  Мал-мүлкімізді 

Ислам жолында жұмсадық. Қан майданда шыбын жа-

нымызды дін үшін пида еттік. Хаққа дұшпан болғаны 

үшін,  достарымызбен  ара  қатынасымызды  үздік.  Біз 

343


 Хайсами, Мәжмәуз-зәуәид, 6/46 (9876)


351

МұҺажырларға қамқор болған ансарлар

Аллаһтан  басқа  мәңгілік  еш  нәрсе  жоқтығын  білдік. 

Аллаһтың кітабы – жалғыз жол көрсетушіміз»

344


.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   208   209   210   211   212   213   214   215   ...   349




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет