Алматы 2010 Мұхаммед Юсуф Кандахлауи


Ансарлардың мұһажырларға көмек беруі



Pdf көрінісі
бет215/349
Дата07.01.2022
өлшемі1,93 Mb.
#19929
1   ...   211   212   213   214   215   216   217   218   ...   349
Байланысты:
sahabalar omiri

Ансарлардың мұһажырларға көмек беруі

Әбу Һұрайра 

(р.а.)

 риуаят етеді: «Ансарлар Аллаһ 



расулына:  «Уа,  расулаллаһ,  құрма  бақтарымызды 

мұһажырлармен  бөліскіміз  келеді.  Соған  өзіңіз  бас-

көз болсаңыз», – деп ұсыныс тастайды. Аллаһ расулы 

келіспейді.  Мұһажырлар:  «Бұл  қалай  болғаны?  Сен-

дер  неше  жыл  күтіп-баптап,  қажыр-қайрат  көрсеткен 

еңбектеріңнің  жемісіне  бізді  ортақ  етпексіңдер  ме?» 

345

 Ибн Кәсир, әл-Бидая 3/228



346

 Ибн Хажар, Фәтхул-бәри 7/270 (3721)




353

МұҺажырларға қамқор болған ансарлар

– дейді. Олардың бұл ұсынысына қарсылық білдірген 

ансарлар: «Иә, дәл солай!» – дейді риясыз көңілмен. 

Абдуррахман ибн Зәйд ибн Әсләм 

(р.а.)

 риуаят етеді: 



«Аллаһ  расулы 

(саллаллаһу  аләйһи  уә  сәллам)

  ансарларға:  «Мына 

мұһажыр бауырларың мал-мүлкі мен бала-шағасын те-

гіс тастап, сендерді паналап келіп отыр», – дегенде, ан-

сарлар: «Уа, Аллаһтың елшісі! Мал-мүлкімізді оларға 

теңдей етіп бөліп берейік», – дейді. Аллаһ расулы одан 

басқаша да істеуге болатынын айтып: «Мұһажырлар – 

бауырларың егістік пен бақшада жұмыс істеп көрмеген 

адамдар, олардың орнына өздерің жұмыс істеп, өнімді 

бөліссеңдер», – деген ұсыныс тастайды. Дархан жүректі 

ансарлар бірауыздан құптап, қуана-қуана келіседі. 

Әнәс 

(р.а.)


 айтады: «Мұһажырлар: «Уа, Расулаллаһ, 

мына  ансарлар  секілді  ізгі  адамдарды  ешқашан 

көрген  емеспіз.  Қолдарындағы  азын-аулақ  дүние-

мүлкін  бізге  бөліп  берді.  Ал  көп  табыс  тапса,  біз-

ге  өздерінен  де  артық  қып  береді!  Уаллаһи,  бізден 

ештеңе дәметпейді де. Барлық сауапты солар алып, біз 

құралақан қалып қояр ма екенбіз деп қорқамыз», – дей-

ді.  Расулаллаһ:  «Қорықпаңдар.  Ансарлардың  жасаған 

жақсылықтарының  қадірін  біліп,  олар  үшін  Аллаһқа 

дұға етсеңдер, сендерге де сауап жазылады», – дейді

347

.

Жәбир 



(р.а.)

 айтады: «Ансарлар жиын-терін кезін-

де  түскен  өнімді  өздеріне  аз,  мұһажырларға  мол  етіп 

бөлетін.  Сосын  өздеріне  деп  бөлгендерін  құрманың 

бұтақтарымен  бүркемелеп,  мұһажырларға  таңдауды 

ұсынатын.  Әлбетте,  ансарлардың  бұл  «қулығынан» 

бейхабар мұһажырлар бауырларына қарағанда молырақ 

алғанын өздері де байқамай қалатын. Хайбар жеңісіне 

дейін осылай жалғасты. Хайбар алынғанда, Аллаһ расулы 

347


 Ибн Кәсир, әл-Бидая 3/228


354

Сахабалар салған сара жол

(саллаллаһу аләйһи уә сәллам)

 ансарларға: «Сендер өз міндеттеріңді 

толығымен атқардыңдар. Қаласаңдар, Хайбар үлесінен 

бас  тартыңдар,  бұдан  бұлай  жемістеріңнің  өнімдері 

түгел  өздеріңде  қалсын»,  –  дейді.  Ансарлар:  «Сенің 

бізге қойған біраз талаптарың бар болатын. Біз соның 

қарымы  ретінде  жұмақты  сұраған  едік.  Жұмақ  үшін  

бізден қалаған нәрсеңнің бәрін жасадық», – дейді. Сон-

да Аллаһ елшісі олардың кіршіксіз көңіліне риза болып: 

«Әрине, ол орындалады», – дейді

348


.

Әнәс 


(р.а.)

  айтады:  «Пайғамбарымыз 

(саллаллаһу  аләйһи 

уә  сәллам)

  бірде  ансарларды  шақыртады.  Бахрейн  олжа-

сынан  оларға  үлестерін  беруі  керек  болатын.  Олар: 

«Мұһажырларға да осындай мөлшерде үлес бермесең 

мұны  қабылдамаймыз»,  –  дейді.  Аллаһ  расулы: 

«Қабылдамайсыңдар ма? Олай болса, маған қауышқанға 

дейін  сабыр  етіңдер,  қарымын  ақыретте  аласыңдар. 

Жақында сендерге де өзін басқалардан артық көру ау-

руы жұғады. Осыған абай болыңдар», – дейді

349

.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   211   212   213   214   215   216   217   218   ...   349




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет