Алматы 2010 Мұхаммед Юсуф Кандахлауи



Pdf көрінісі
бет216/349
Дата07.01.2022
өлшемі1,93 Mb.
#19929
1   ...   212   213   214   215   216   217   218   219   ...   349
 3. АнСАРлАРдың АллАһ ПЕн 

РАСулының РиЗАлығын дүниЕдЕн 

АРТыҚ КөРуІ

олжа бөлісі кезіндегі ансарлардың жай-күйі

Әбу  Саид  Худри 

(р.а.)

  айтады:  «Пайғамбарымыз 



(саллаллаһу  аләйһи  уә  сәлләм)

  Хунәйн  шайқасынан  түскен  олжа-

ны  Исламды      қабылдағанына  көп  бола  қоймаған 

Құрайыштар мен басқа да араб тайпаларына түгелдей та-

ратып береді. Мұндағы мақсат – ақиқатқа енді бет бұрып 

жатқан  Құрайыштар  мен  өзге  де  араб  тайпаларының 

348

 Хайсами, Мәжмәуз-зәуәид, 9/781 (16526)



349

 Бұхари, Сахих 3/ 1381 (3581)




355

МұҺажырларға қамқор болған ансарлар

Исламға  деген  көңілдеріне  кірбің  түсірмеу  еді.  Бұл 

олжадан  шет  қалған  ансарлардың  біраз  бөлігі  бұған 

наразылық танытады. «Уаллаһи, енді Аллаһ расулы өз 

қауымына бүйрегі бұрды, бізді ұмытты» деген күңкіл 

сөздер де естіле бастайды. Осынау қауымның атынан 

Сағыд ибн Убада 

(р.а.)


 Пайғамбарымызға ансарлардың 

бір  тайпасының  оған  олжадан  қағылғандарына 

қатысты  наразылығын  жеткізеді.  Пайғамбарымыз 

Сағыдтан бұл туралы өз пікірін сұрайды. Сағыд: «Мен 

солардың бірімін», – дейді. Аллаһ расулы «Олай болса, 

қауымыңды пәлен жерге жина. Жиналған кезде маған 

хабар бер», – дейді. 

Сағыд  ансарларды  айтылған  жерге  жинайды. 

Мұһажырлардан келген кейбір адамдарға рұқсат беріп, 

кейбірін кері қайтарады. Сосын Аллаһ расулына: «Уа, 

Расулаллаһ,  ансарлар  сізді  күтіп  отыр»  дейді.  Аллаһ 

расулы  олардың  алдында  түрегеп  тұрып  сөйлейді. 

Алдымен  Аллаһқа  мақтау  айтады.  Содан  кейін  ба-

рып:   «Ей, ансар қауымы! Сендер адасып, жол таппай 

жүргендеріңде  сендерге  мен  келген  жоқпын  ба?  Мен 

арқылы Аллаһ тағала сендерді тура жолға салған жоқ 

па? Сендер таршылық пен тапшылықтың тақсыретінен 

көз  ашпай  жүрген  кездеріңде,  Аллаһ  дәулеттеріңді 

арттырмады  ма?  Бір-бірлеріңмен  жауыққан  дұшпан 

едіңдер,  Аллаһ  сендерді  бауыр  етпеді  ме?».  Ансар-

лар: «Иә, Аллаһтың елшісі, дәл солай», – деп қостады. 

Пайғамбарымыз  сөзін  әрі  жалғап:  «Ей,  ансар  жұрты! 

Неге үндемейсіңдер?», – дегенде, ансарлар: «Не дейік? 

Не  деп  жауап  берейік?  Аллаһ  пен  расулына  мың 

алғыс»,  –  дейді.  Пайғамбарымыз  сонда:  «Қаласаңдар, 

былай  деп  шындықты  айтар  едіңдер,  біз  растар  едік: 

Ей, Мұхаммед, ешкім сыйдырмағанда, бізді паналадың. 



356

Сахабалар салған сара жол

Мұқтаж едің, біз саған көмектестік. Қорқып келген едің, 

біз сенің қауіпсіздігіңді қамтамасыз еттік. Ешкімің жоқ 

еді, біз саған көмек бердік». Ансарлар тағы да «Аллаһ 

пен расулына мың алғыс», – дейді. 

Аллаһ расулы сөзін былай жалғастырады: «Ей, ан-

сар жамағаты! Исламға кіргенімен, иманның дәмін әлі 

тата қоймағандардың ынта-ықыласын ояту үшін оларға 

олжаны  үлестіріп  бердім  және  Аллаһтың  сендерге 

нәсіп еткен Исламға деген сенімдеріңе сеніп, сендерді 

шет қалдырған өткінші дүние үшін маған ренжідіңдер 

ме? Қане, айтыңдаршы, ел алдына қой мен түйе айдап 

үйлеріне  қайтып  жатқанда,  сендер  Аллаһ  расулымен 

бірге  үйлеріңе  оралуға  риза  емессіңдер  ме?  Аллаһқа 

ант  етемін,  басқалары  бір  жаққа,  ал  ансарлар  басқа 

жаққа кетсе, мен ансардың жағына шығамын. Һижрет 

болмағанда,  ансардың  бірі  болар  едім.  Аллаһым, 

ансарларға,  ансарлардың  үрім-бұтағына  рақымдылық 

ете гөр!» – деп дұға етті. 

Пайғамбарымыздың  осы  құтбасынан  кейін 

ансарлардың  көңілі  босап,  көзіне  жас  алмағаны 

қалмады.  Бәрі  бірауыздан:  «Раббы  ретінде  Аллаһқа, 

үлес ретінде расулына ризамыз», – деседі

350


.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   212   213   214   215   216   217   218   219   ...   349




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет