397
Сахабалардың бірлік пен ынтымақтастыққа мән беруі
бас жасының кішілігіне қарамастан, Бәдір соғысына
қатысып, екі халифаға да өз ақылын қосып, халыққа
жөн-жоба сілтейтін. Дүниеден озғанша осы әдетін
тастаған емес», – дейді Ата ибн Йәсар.
Якуб ибн Йазид айтады: «Омар маңызды-ау деген
істерде Ибн Аббаспен ақылдасып: «Ей, зерегім! Қане,
мына мәселенің шешімін бірігіп іздейік», – дейтін.
«Мен қандайда бір тығырыққа тіреген күрделі
мәселелерде Ибн Аббастан артық жол тауып кете ала-
тын, одан асқан ақылды, алғыр және өте биязы адамды
көрмедім. Қияметтің қыл көпіріндей қиын мәселелерде
Омар оған «Тағы бір мәселенің шеті шығып тұрғаны»
деп, онымен кеңесіп, айтқан сөзіне тоқтайтыны әлі
есімде», – дейді Сад ибн Әбу Уаққас (р.а.).
Ибн Шихаб айтады: «Омар (р.а.) күрмеуі көп
күрделі мәселе от дария боп өткел бермей алдынан
шыққанда, жастардың ақыл-ойын, алғырлықтарын тек-
серу үшін олардың басын қосатын».
«Омар (р.а.) әйелдердің де ақыл-кеңесіне құлақ
түретін. Олардан аузынан мәселенің шешілуіне септігі
тиеді-ау деген оңды пікір естісе, олардың уәжін ескерусіз
қалдырмайтын»,
396
– дейді Ибн Сирин.
Достарыңызбен бөлісу: