Алматы 2010 Мұхаммед Юсуф Кандахлауи


 бАСҚАРушылАРдың САйлАнуы



Pdf көрінісі
бет252/349
Дата07.01.2022
өлшемі1,93 Mb.
#19929
1   ...   248   249   250   251   252   253   254   255   ...   349
Байланысты:
sahabalar omiri

8. бАСҚАРушылАРдың САйлАнуы

Алғаш сайланған қолбасшы: 

Абдуллаһ ибн Жахш

Сағыд  ибн  Әбу  Уаққас  (р.а.)  айтады:  «Пай-

ғамбарымызға 

(саллаллаһу  аләйһи  уә  сәлләм)

  Мәдинаға  Жүхайна 

397


 Табари, Тарих 2/381


399

Сахабалардың бірлік пен ынтымақтастыққа мән беруі

тайпасынан  арнайы  кеңес  келіп:  «Уа,  Мұхаммед! 

Арамызға келдің, бізге кепілдік бер, ел-жұртымды саған 

алып келейік», – дейді. Аллаһ расулы кепілдік берген-

нен кейін, олар қауымымен Исламды қабылдады».

Пайғамбарымыз 

(саллаллаһу  аләйһи  уә  сәлләм)

  бізді  ере-

жеп  айында  Жүхайна  тайпасына  көршілес  жатқан 

Кинанаұлдарының  бір  тайпасына  жорыққа  аттандыр-

ды. Шабуылға шықтық. Алайда қарсыластарымыздың 

қарасы тым көп еді. Амалсыз шегініп, Жүхайна тайпа-

сын  паналадық.  Олар  бізді  қорғады,  бірақ  «Неліктен 

харам айда, соғысуға тыйым салынған ережеп айында 

шайқасқа шықтыңдар?» – деп сұрады. Біз бұл жердің 

жағдайы  басқаша  екенін,  қасиетті  айда  киелі  жерден 

шыққан адамдармен шайқасқа шыққанымызды айтып 

ақталдық. 

Ары  қарайғы  әрекетімізді  алдын-ала  келісіп, 

анықтап  алуымыз  керек  болды.  Біразымыз  «Барып, 

Аллаһ расулына хабарлайық», – десе, кейбіреуі: «Жоқ, 

осында  қалайық»,  –  деді.  Мен  және  бірталай  адам: 

«Жоқ, барып, Құрайыш керуенінің жолын кесейік», – 

дедік.


Ол  кездері  кім  олжа  түсірсе,  бөліп-жармай  бәрін 

сол алатын. Ақыры, менің айтқаныма тоқтап, Құрайыш 

керуеніне шабуылдау үшін жолға шықтық. Қалғандары 

кері қайтты. Олар Пайғамбарымызға жағдайды жеткіз-

ген кезде, Аллаһ расулы ашуланып: «Менің қасымнан 

бірге  аттанып,  елді  алауыз  етіп  қайттыңдар  ма?  Сен-

дерден  бұрынғылардың  түбіне  осы  алауыздық  жет-

кен. Енді сендерге аштық пен шөлге шыдамды адамды 

қолбасшы етіп жіберемін», – деп Абдуллаһ ибн Жахш 

әл-Әсәдиді  қолбасшы  етіп  тағайындайды.  Осылай-




400

Сахабалар салған сара жол

ша  Абдуллаһ  ибн  Жахштың  есімі  Ислам  әлемінде  ең 

алғашқы қолбасшы ретінде қалды»

398


.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   248   249   250   251   252   253   254   255   ...   349




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет