407
Сахабалардың бірлік пен ынтымақтастыққа мән беруі
шығарғандар құриды. Ақиқатпен шешім шығарғаны
құтылады»
411
дегенін естігенмін», ─ деп жауап береді.
11. хАлиФАлАРды, бАСҚАРушылАРды
ҚұРМЕТТЕу ЖӘнЕ олАРдың
бұйРыҚТАРынА бАғыну
халид ибн уәлид пен Аммар ибн ясирдің
арасында болған оқиға
Ибн Аббас (р.а.) айтады: «Пайғамбарымыз
(саллаллаһу
аләйһи уә сәлләм)
жорыққа аттандырған, Халид ибн Уәлид
басқарған әскери жасақта Аммар ибн Ясир де бар бола-
тын. Баратын аймағына тез жету үшін, сол маңға таяу
жерге түнеуді жөн көреді. Жау қолы мұсылмандардың
жақын келгенін біліп, жер сипатып кетеді. Арала-
рынан тек біреуі ғана қалып қояды. Ол отбасымен
бірге Исламға кіріп, мұсылман болған адам еді. Ол
үйіндегілеріне үйді жығып, көрпе-жастық, қазан-
ошақты буып-түйіп қоюды бұйырып: «Мен келгенше
күтіңдер», – деп кетіп қалады. Сөйтіп, Халид ибн Уәлид
басқарған жасақтың жатқан жеріне барып, Аммар ибн
Ясирді тауып алып, оған: «Ей, Әба Якзан, мен отбасым-
мен бірге мұсылман болдым. Қауымымыз қашып кетті.
Мұсылман болғанымыз үшін бізге оның қандай пайда-
сы тиеді?» – деп сұрайды. Аммар оған: «Ешқайда кет-
пе, саған қауіп жоқ», – деген соң әлгі адам өз отбасына
оралады.
Ертеңгісін жаудың орнын сипап қалған Халид
жұртта жалғыз қалған, мұсылман болған әлгі адамды
отбасымен тұтқынға алады. Аммар: «Бұл адамға және
оның отбасына тиіспе. Ол мұсылман болды», – десе де,
411
Ибн Хиббан, Сахих 11/440 (5056)
408
Сахабалар салған сара жол
Халид: «Сенің бұған не қатысың бар? Қолбасшы мен
тұрғанда, сен оған қалайша кепілдік бересің?» – деп
ашу шақырады. Аммар: «Иә, қолбасшы сенсің. Бірақ
сенің сыртыңнан кепілдік бере аламын. Өйткені ол адам
иман келтірді. Қаласа, ол да басқалар секілді қашып ке-
тер еді. Исламға кіргендіктен, оған осы жерде қалуға
мен кеңес бердім», – дейді.
Халид (р.а.) пен Аммардың (р.а.) арасындағы
дау өршіп, ортақ келісімге келе алмайды. Мәдинаға
оралғанда, бұл жағдай Аллаһ расулына жетеді. Аммар
әлгі оқиғаны баяндап берді. Расулаллаһ Аммардың
істегенін дұрыс деп табады, алайда сол күннен бастап
қолбасшының рұқсатынсыз өз бетінше әрекет етуге
тыйым салады. Екеуі Пайғамбарымыздың
(саллаллаһу аләйһи уә
сәлләм)
алдында тұрып та сөзге келіп қалады. Халид: «Уа,
Расулаллаһ, сіздің құзырыңызда бұл құл маған қалайша
тіл тигізеді, сіз болмағанда бұлай жасай алмас еді», ─
дейді. Пайғамбарымыз
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)
: «Халид! Ам-
мармен керіспе. Өйткені Аммарды жек көрген адам-
ды Аллаһ жек көреді, Аммарға қарғыс айтқан адамға
Аллаһ қарғыс айтады», – дейді.
Аммар ашуланып орнынан тұрады да, теріс
бұрылып кетіп қалады. Халид артынан қуып жетіп,
қиыла өтініп, кешірім сұрады. Аммар кешіргенін біл-
діреді. Осы оқиғаға байланысты мынадай аят түсті:
«Ей, иман келтіргендер! Аллаһқа бағыныңдар. Расулы-
на және басшыларыңа бағыныңдар. Егер Аллаһқа және
ақыретке иман келтірген болсаңдар, келісе алмаған
нәрселеріңді Аллаһқа және расулына тапсырыңдар.
Осылай ету қайырлы» (Ниса, 4/59)
412
.
412
әл-Хинди, Кәнзул-уммал 2/511 (4343)