Алматы 2010 Мұхаммед Юсуф Кандахлауи


Әбу һұрайраның омардың басшылыққа



Pdf көрінісі
бет259/349
Дата07.01.2022
өлшемі1,93 Mb.
#19929
1   ...   255   256   257   258   259   260   261   262   ...   349
Әбу һұрайраның омардың басшылыққа 

тағайындау туралы ұсынысын 

қабылдамауы

Әбу  Һұрайрадан  риуаят  етілгені  бойынша, 

Омар  оны  әлдебір  елді  мекенге  басшы  етіп  сайлау 

үшін  шақыртады.  Әбу  Һұрайра  оның  бұл  ұсынысын 

қабылдамайды. Омар (р.а.):

–  Сенен  де  қайырлы  адам  талаптанған  қызметті 

неге қаламайсың? ─ деп сұрайды. Әбу Һұрайра:

–  Кім екен менен қайырлы? ─ дейді.

–  Жақып пайғамбардың баласы – Жүсіп пайғамбар, 

– деп жауап береді Омар (р.а.). Әбу Һұрайра (р.а.):

–  Жүсіп  (а.с.)  –  пайғамбардың  баласы,  әрі  өзі  де 

пайғамбар. Ал мен Үмәймаұлы Әбу Һұрайрамын. Мен 

екі-үш нәрседен қорқамын, – дейді. Сонда Омар:

–  Бес  нәрседен  қорқамын  десеңші,  –  дейді.  Әбу 

Һұрайра: 

–  Білмеген  нәрсемді  айтудан,  негізсіз  үкім  беру-

ден, ту сыртымнан тиетін соққыдан, малымның қолды 

болуынан  немесе  тартып  алуынан  және  намысымның 

тапталуынан қорқамын, – деп жауап береді

410






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   255   256   257   258   259   260   261   262   ...   349




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет