Ауф ибн Мәлік пен халид ибн уәлид
арасында болған оқиға
Ауф ибн Мәлік әл-Әшғари (р.а.) айтады: «Зәйд ибн
Хариса қолбасшылық еткен шайқаста мұсылмандар
арасында мен де бар болатынмын. Осы майдан үшін
жасақталған, Йеменнен келген қосымша күштің
қатарындағы біреумен жолдас болдым. Оның қылыштан
басқа қаруы, әрі мүлік-мүккәмәлі жоқ болатын. Жолда
мұсылмандардың бірі түйе сойды. Йемендік жолдасым
оның терісінің бір пұшпағын алып, одан қалқан сияқты
бір бұйым жасады. Қайта атқа қондық. Грек әскерімен
бетпе-бет келдік. Гректерден ер-тұрманы алтынмен
апталған атқа мініп, қолына да алтынмен әбзелденген
қару ұстап атой салған біреу мұсылмандарды қынадай
қыра бастады. Әлгі Йемендік жолдасым тастың та-
сасына тығылып алып, ұрымтал соққымен әлгі грек
сарбазының атының аяғын шауып түсірді. Омақасып
құлаған грек сарбазын өлтіріп, аты мен қаруын иемден-
ді. Аллаһ мұсылмандарға жеңіс нәсіп еткеннен кейін,
Халид ибн Уәлид (р.а.) йемендік жауынгерге хабар жі-
беріп, өлген адамның заттарын алдыртты. Мұны есті-
ген мен ешқайда бұрылмай, кідірмей, салып-ұрып Ха-
лидке бардым. «Халид! Аллаһ расулының өлтірілген
адамның жеке бұйымдары өлтірген адамға тиесілі бо-
латыны туралы үкімін білмейсің бе?» – дедім. Халид
ибн Уәлид: «Иә, білемін. Алайда, бұлар өте құнды зат-
тар және ол үшін көптік етеді», – деді. «Халид, не олар-
ды әлгі адамның өзіне бересің, не болмаса Мәдинаға
оралғанда, Аллаһ расулына бұл әрекетіңді жеткізіп ба-
рамын», – дедім. Халид айтқаныма көнбеді. Мәдинаға
оралғаннан кейін, әдеттегінше, Расулаллаһқа не істеп,
не қойғанымыз жайлы есеп бердік. Мен йемендік жол-
410
Сахабалар салған сара жол
дасым мен Халидтің арасында болған жайтті айттым.
Аллаһ расулы: «Халид! Сенің олай жасауыңа не себеп
болды?» – деп сұрады. Халид: «Уа, Расулаллаһ! Өлген
адамның заттары көп болатын, сондықтан да алып
қойдым», – деді. Расулаллаһ: «Халид, алғандарыңды
қайтарып бер», – деп бұйырды. Мен: «Халид, міне
көрдің бе? Мен саған айтқан жоқпын ба?», – дедім. Аллаһ
расулы: «Не болды?» – деп сұрағанда мен болған жайт-
ты айттым. Аллаһ расулы ашуланып: «Халид, оларды
қайтарып бермейсің. Қолбасшыларым мен менің ара-
ма килікпесеңдер болмай ма? Соғыстың қиындығын
олар шегеді, ал қаймағын сендер жейсіңдер», – деді
413
.
Достарыңызбен бөлісу: |