Алматы 2010 Мұхаммед Юсуф Кандахлауи


Тек заңды (шариғатқа сай) бұйрықтарда



Pdf көрінісі
бет266/349
Дата07.01.2022
өлшемі1,93 Mb.
#19929
1   ...   262   263   264   265   266   267   268   269   ...   349
Байланысты:
sahabalar omiri

Тек заңды (шариғатқа сай) бұйрықтарда 

ғана қолбасшыға және басшыға бағыну 

Алиден  (р.а.)  риуаят  етілген:  «Пайғамбарымыз 

(саллаллаһу  аләйһи  уә  сәлләм)

  ансарлардан  бір  адамды  әскерден 

жасаққа қолбасшы етіп тағайындады. Оларды шығарып 

салып  тұрып,  сарбаздарға  қолбасшыларын  тыңдап, 

олардың  бұйрықтарына  бағынуды  қатаң  ескертеді. 

416


 Хайсами, Мәжмәуз-зәуәид 5/404 (91324)

417


 Бәйхақи, Сүнән 8/163 (16436)


413

Сахабалардың бірлік пен ынтымақтастыққа мән беруі

Бірде сарбаздар қолбасшыларының өрескел қылығына 

еріксіз  ашуланады.  Ол:  «Отын  жинаңдар!»  –  дейді. 

Отын жинайды. «От жағыңдар!» – деп бұйырады. От та 

жағылады. Қолбасшы: «Расулаллаһ 

(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)

 

сендерге  мені  тыңдап,  маған  бағынуды  бұйырмады 



ма?»  –  деп  сұрағанда,  сарбаздар:  «Иә,  солай  деді», 

–  деп  жауап  береді.  «Олай  болса,  отқа  түсіңдер»,  – 

дейді.  Сарбаздар  қағыс  естідік  пе  дегендей  бір-біріне 

қарап: «Біз онсыз да отқа (тозаққа) түспеу үшін, Аллаһ 

расулының қамқорлығына кірдік, оған иман келтірдік», 

– дейді. Біраздан кейін қолбасшының ашуы басылып, 

жанған от та сөнеді. Қайтып келген соң болған оқиғаны 

Пайғамбарымызға  баяндайды.  Аллаһ  расулы:  «Отқа 

түскенде, ақыретте де оттан шыға алмай қалатын еді. 

Басшылар мен қолбасшыларға тек заңды бұйрықтарда 

ғана бағыну керек», – дейді»

418


.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   262   263   264   265   266   267   268   269   ...   349




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет