Зәйд ибн Уәхб айтады: «Халық Хузайфаның
(р.а.) тұрғылықты елді мекенінің басшысына әлдебір
мәселеге байланысты қарсы шығады. Хузайфа Мешіт
Ағзамда отырғанда, біреу сапты бұзып, топты жа-
рып, алға өтеді де, Хузайфаның қарсы алдына ба-
рып: «Ей, Аллаһ расулының сахабасы! Жақсылықты
бұйырып, жамандықтан тыймайсың ба сен?» – дей-
ді. Хузайфа басын көтереді. Оның ойын түсінген еді.
415
Оған: «Жақсылықты бұйырып, жамандықтан тыйған
жақсы, әрине, алайда басшыға қарсы қару көтеру
Аллаһ расулының сүннетінде жоқ нәрсе», – деп жауап
береді»
416