433
Сахабалардың бірлік пен ынтымақтастыққа мән беруі
жұмылып, жаңа күшпен шабуылға шығып, жеңіске қол
жеткізді. Шайқастан кейін Пайғамбарымыз: «Кім жа-
уын жер жастандырса және өзінің бұл ерлігін байқаған
куәгері болса, сол өлген адамның бұйымдары оған тиес-
ілі», – дейді. Мен орнымнан тұрып: «Кім маған куәгер
болады?» – деп сұрадым. Ешкім үндей қоймаған соң,
қайта отырдым. Пайғамбарымыз
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)
осы
сөзін бір емес, үш мәрте қайталады. Әрбірінде мен де
түрегеп: «Кім маған куәгер болады?» – деп сұраумен
болдым. Тағы бір түрегелгенімде, Пайғамбарымыз
(с.а.с.) «Әй, Әбу Қатада, сен не айтпақсың?» – деді.
Мен болған жайтты айтып бердім. Арамыздан біреу:
«Әбу Қатада дұрыс айтады, ол өлтірген мүшріктің зат-
тары менде. Менің атымнан оның ризалығын ал», –
дейді. Сол кезде Әбу Бәкір сөзге араласып: «Жоқ, бол-
майды. Егер Аллаһ расулы сол өлген адамның заттарын
саған берсе, Аллаһ пен расулының жолында соғысқан
мүжаһидтің көпе-көрнеу ақысын жеген болады», –
деді. Пайғамбарымыз: «Әбу Бәкір дұрыс айтады. Өлген
адамның заттарын Әбу Қатадаға беруің керек», – дейді.
Ол сөзге келген жоқ. Мен оларға Бәни Сәләма жерінен
бір құрма бауын сатып алдым. Ислам дініне кіргеннен
кейінгі алғашқы меншігім осы құрма бауы болды»
452
.
Достарыңызбен бөлісу: