Алматы 2010 Мұхаммед Юсуф Кандахлауи


осы мәселеге байланысты Зәйд ибн



Pdf көрінісі
бет302/349
Дата07.01.2022
өлшемі1,93 Mb.
#19929
1   ...   298   299   300   301   302   303   304   305   ...   349
Байланысты:
sahabalar omiri

осы мәселеге байланысты Зәйд ибн 

уәхбтің оқиғасы

Бірде Омар (р.а.) қолын құлағына қойып тұрып: «Иә, 

мен осындамын! Иә, мен осындамын», – деп айқайлап 

сыртқа  атып  шығады.  Қасындағылар:  «Омарға  не 

болған?» – деп бір-бірінен таңдана сұрайды. Омардың 

серіктерінің бірі мұның мәнісін былай түсіндіреді: «Ол 

бір  қолбасшысынан  жайсыз  хабар  алды:  Ислам  қолы 

бір  өзеннен  өте  алмай  қалыпты,  кеме  де  табылмаған. 

463

 әл-Хинди, Кәнзул-уммал 15/135 (40168)




444

Сахабалар салған сара жол

Қолбасшы:  «Бізге  өзеннің  тереңдігін  білетін  біреуді 

табыңдар»,  –  деп  сәлем  айтып  жіберіпті,  олар  бір 

қарт  адамды  аттандырады.  Қас  қылғанда  күн  суытып 

кетеді.  Қарт  адамның  «Мен  суықтан  қорқамын»  деп 

тартынғанына  қарамастан,  қолбасшы  оны  мәжбүрлеп 

өзенге  түсіріпті.  Қарт  кісі  суыққа  шыдай  алмай:  «Уа, 

Омар  қайдасың?»  –  деп  айқайлаған  күйі  тұншығып 

өліпті. Омар мұны естіп, қолбасшыға Мәдинаға келуді 

бұйырып,  хат  жазады.  Қолбасшы  келуін  келгенмен, 

алайда Омар оған көз қиығын да салмайды. Оның біре-

уге  ашуланғанда  солай  істейтін  әдеті.  Бұл  бірнеше 

күнге  созылады.  Ақыры,  «Оны  неге  өлтірдің?»  –  деп 

сұрайды қолбасшыдан. «Ей, мүміндердің әміршісі, оны 

өлтіргім  келген  жоқ.  Өткел  таба  алмаған  соң,  судың 

тереңдігін  байқап  көргіміз  келді.Судан  өткен  соң 

мынадай-мынадай  жерлерді  бағындырдық»,  – 

дейді.Омар:  «Мен  үшін  сенің  жеткен  жетістіктерің 

мен 

жеңістеріңнен 



бір 

мұсылманның 

өмірі 

әлдеқайда  маңызды.  Егер  әдетке  айналып  кетеді  деп 



қорықпағанымда, сенің  басыңды алар едім. Қане,  бар 

да өлген адамның жақындарына құн төле. Бұл жерден 

кет, сені енді көрмейтін болайын», – дейді

464






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   298   299   300   301   302   303   304   305   ...   349




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет