омардың Әбу убайдаға айтқандары
Салих ибн Кәйсан айтады: «Омардың (р.а.)
халифалық қызметке келгендегі алғашқы әмірі Ха-
лид ибн Уәлидті орнынан босатып, Әбу Убайда ибн
Жәррахты әскер қолбасшысы етіп тағайындаумен
байланысты: «Саған өзінен басқасы тұрлаусыз,
фәни болатын Аллаһтан қорқуға кеңес берер
едім. Ол бізді адасушылықтан тура жолға салды,
күпірліктің қараңғылығынан алып шығып, иманның
жарқын нұрына бөледі. Сені Халид ибн Уәлид
басқарған әскерге қолбасшы етіп тағайындадым.
Сарбаздардың құқықтарын қорға, олжа түсіруді
көздеп, мұсылмандарды соқыр тәуекелге салып, ба-
сын қатерге тікпе. Алдын ала зерттеп-зерделемейінше,
ой-шұқырын, қалтарыс-бұлтарысын жақсы білмейтін
жерге ешқашан түнеме. Қай жерге әскер аттандырсаң
да, сарбаздардың қарасы мол, дайындығы зор болсын.
Өзіңді және мұсылмандардың басын қауіп-қатерге тігу-
ден сақтан. Аллаһ сені мен арқылы, ал мені сен арқылы
сынайды. Дүние-мүлікке қызығып, жүрегіңе дақ салма.
Дүние сенен бұрынғылардың түбіне жеткеніндей сені
де солай бәлекетке душар етпесін. Олардың сүрінген,
құрыған осал тұстарын сен менсіз де жақсы білесің!»
497
Достарыңызбен бөлісу: |