Алматы 2010 Мұхаммед Юсуф Кандахлауи


омардың өзінен кейін келетін халифаға



Pdf көрінісі
бет327/349
Дата07.01.2022
өлшемі1,93 Mb.
#19929
1   ...   323   324   325   326   327   328   329   330   ...   349
омардың өзінен кейін келетін халифаға 

насихаты

Омар  (р.а.)  былай  деген:  «Менен  кейін  ке-

летін  халифаға  алғашқы  мұһажырлардың  құқығын 

қорғауға,  оларға  құрмет  көрсетуге  кеңес  берер  едім. 

Мұһажырлардың  һижреттен  бұрын  Мәдинаны  ме-

кендеген  ансарларға  жақсы  қарауын,  олардың 

жақсылықтарын  асырып,  жамандықтарын  жасыруды 

өсиет  етемін.  Халифа  басқа  шаһар  халықтарына  да 

жақсы қараса екен деймін. Өйткені, олар – Исламның 

жәрдемшілері,  қазынаның  қолдаушылары.  Олардан 

тек  өз  еркімен  беретін,  қажеттіліктерінен  артылған 

мал  ғана  алынсын.  Менен  кейінгі  халифаға  бәдәуи 

арабтарға  жақсы  қарауды  ұсынамын.  Өйткені,  олар 

–  арабтың  тамыры  және  Ислам  шығып,  өркендеген 

бүршік. Олардың дәулетті адамдары уақ малдарының 

белгілі бір бөлігін кедейлерге бөліп берсін. Халифаға 

Аллаһ  пен  расулының  қамқорлығына  кіргендердің 

құқықтарын толығымен қорғауды, оларға шамасы жет-

пейтін жүк жүктемеуді ұсынамын»

495


.

Касым  бин  Мұхаммедтің  риуаяты  бойынша, 

Омар  (р.а.)  былай  деген:  «Менен  кейін  бұл  қызметті 

өз  міндетіне  алатын  адам  алыс  және  жақын  барлық 

адамның  көңілінен  шыға  білуі  тиіс.  Халық  арасында 

халифалыққа лайық адамның жағдайына қызықпаймын, 

оны  басқарғаннан  гөрі  басымның  шабылғанын  қалар 

едім»


496

.

495



 Ибн Әбу Шәйба, Мусаннәф 7/435 (37059)

496


 әл-Хинди, Кәнзул-уммал 5/881 (14188)


465

Сахабалардың бірлік пен ынтымақтастыққа мән беруі



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   323   324   325   326   327   328   329   330   ...   349




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет