баладауия тайпасынан бір адамның
мұсылман болуы
Баладауия тайпасынан біреу Мәдинаға барып,
базарға соғады. Ешкінің құнына саудаласып тұрған
әлдебір адамдардың үстінен түседі. Оқиғаны одан ары
әлгі адам былай жалғастырады:
«Алушы сатушыдан бағаны біраз түсіруді сұрады.
Сол кезде кенеттен маңдайы кең, қасы жіңішке, келісті
келген, иіні жүдеу біреу шыға келіп, бізге сәлем бер-
ді. Мен: «Хашимұлдары арасынан халықты адасты-
рып жүрген біреу шықты деуші еді. Мынау сол бол-
масын», – деп ойладым. Онымен біз де амандастық.
Алушы оған: «Я, Расулаллаһ! Сатушыға айт, мынаның
бағасын түсіріп берсін», – деді. Ардақты елші (с.а.с.):
«Мүлік егесі – Аллаһ. Алайда иелік ету сендердің
құзырларыңда. Мен қиямет күні Аллаһтың құзырына
барғанда, ешкімнің «дүниеме көз алартты, намы-
сыма тиді» деп айтқанын қаламаймын. Аллаһ мына
85
Әбу Нуайм, Хилия 2/26
60
Сахабалар салған сара жол
жағдайларда: саудада, қарызын төлегенде, алашағын
аларда қиындық тудырмаған адамға рақымдылық жа-
сасын», – деді.
Ол осылай дұға етті де, өз жөніне кетіп қалды. Мен
«Не болса да бұл кісіге барып жолығайын, айтқандарын
тыңдайын. Тілінен бал аққан сөзге шешен екен» деп
ойладым. Артынан қуып жетіп:
– Уа, Мұхаммед! – дедім. Бүкіл денесімен маған
бұрылып:
– Не қалайсың?» – деп сұрады. Мен:
– Жұрттың «адамдарды азғырушы, жамандыққа
итермелеуші, ата-бабаларының табынған нәрселерін
жоққа шығарушы» деп айыптап жүрген адамы сенсің
бе? – деп сұрадым.
– Иә, – деп жауап берді.
– Елді неге үндейсің? – деп сұрадым мен. Ол:
– Аллаһтың құлдарын Аллаһқа сенуге үндеймін, –
деді.
– Басқа не айтасың?
– Аллаһтан басқа тәңір жоқ екеніне және менің
Аллаһтың елшісі екеніме, маған түсірген аяттарға
сенуіңді, Лат пен Уззаны жоққа шығаруыңды, намазды
дұрыс оқуыңды, малыңнан зекет беруді ескертемін.
– Зекет деген не?
– Байлардың кедей-пақырларға беретін үлесі.
– Сен елді тек ізгілікке ғана бастайды екенсің! –
дедім. Осыдан соң оны жақыннан таныған едім.
Ол менен:
– Мені жақсы түсіндің бе? – деп сұрады. Мен:
– Иә, Расулаллаһ, – дедім. Пайғамбарымыз:
61
Аллаһ пен расулына шақыру
– Онда Аллаһтан басқа тәңір жоқ екеніне, менің
Аллаһтың елшісі екеніме және маған түсірілген уахиға
иман келтірдің бе? – деді. Мен:
– Иә, келтірдім, – дедім.
Маған сенсеңіз, бұрын одан жек көретін адамым
жоқ еді. Осы сәттен бастап, ол маған туған ата-анамнан,
өз балаларым мен бүкіл адамзаттан да артық көрінді».
Әлгі кісі кейіннен айналадағы алыс-жақын
адамдардың барлығын Исламға шақырды. Көбісі
мұсылмандықты қабылдады да. Пайғамбарымыз оның
бұл ісіне ризалық танытып, басынан сипап, ілтипат
көрсетті
86
.
Достарыңызбен бөлісу: |