Зүлжәушәннің мұсылман болуы
Зүлжәушән Бәдір соғысынан кейін Пайғам-
барымызға бір тай жетектеп апарып: – Мына тайды сіз-
ге әкелдім, – дейді.
Аллаһ елшісі (с.а.с.): – Оның маған керегі жоқ.
Алайда, қаласаң, Бәдірде олжаға алынған сауыттарға
ауыстырайық, – дейді.
Зүлжәушән: – Ауыздығымен алысқан мұндай
тұлпарды сауыттарға ауыстырғым келмейді, – дейді.
Расулаллаһ: – Мақұл, бірақ маған сенің тайың қажет
емес. Зүлжәушән, сен оны қоя тұр, мен саған бір нәрсе
айтайын. Исламға кіріп, алғашқылардың қатарында
болғың келмей ме? – дейді.
Зүлжәушән: – Жоқ, – деп жауап береді.
Рақым пайғамбары (с.а.с.): – Неліктен? – деп
сұрайды. Ол:
– Өз қауымың соңыңнан шырақ алып түскенін
білемін. Айтқан сөзіңді теріске шығарып, араларынан
сені аластағанын да білемін, – дейді.
– Олардың Бәдірде қалай жеңіліс тапқаны ту-
ралы білесің бе? – деп сұрайды Пайғамбарымыз.
Зүлжәушән:
– Иә, – деп жауап береді. Пайғамбарымыз:
– Онда сол туралы толық баяндап берейік, – де-
генде, Зүлжәушән: – Бәдір емес, Қағбаны бағындырып,
сол жерге қоныстансаң, айтқандарыңды қабылдаймын,
– дейді. Расулаллаһ:
– Аман болсаң, оны да көрерсің, – дейді.
Осы әңгімеден кейін Расулаллаһ
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)
Біләл Хабашиға: «Мына адамның дорбасына Мәдина
құрмаларынан толтырып салып бер», – дейді.
58
Сахабалар салған сара жол
Зүлжәушән кетіп бара жатқанда, Расулаллаһ
қасындағыларға: «Біліп қойыңдар, мына адам Бәни
Амир батырларының ең айтулыларының бірі», – дейді.
Зүлжәушән Мекке бағындырылғанға дейін мұсыл-
мандықты қабылдамайды. Пайғамбарымыз Меккені
алғанда, Зүлжәушән: «Қап, әттеген-ай, Расулаллаһ
«Кел, мұсылман бол» деген кезде, тілін алғанда ғой,
қазір одан Хираны сұрар едім. Олжаны сол жерден алар
едім», – деп өкінеді
84
.
Достарыңызбен бөлісу: |