Әбу Кухафаның мұсылман болуы
Мекке азат етілген күні Аллаһтың расулы (с.а.с.)
көңілі жай тауып, Харам мешітіне бас сұғады. Әбу
Бәкір (р.а.) әкесі Әбу Кухафаның (Осман ибн Амр)
қолынан жетектеп, Расулаллаһтың алдына алып ке-
леді. Пайғамбарымыз қарт адамды көріп: «Әй, Әбу
Бәкір! Неге қарт адамды әурелеп, мұнда алып келдің?
Өзіміз-ақ алдына барар едік қой», – дейді. Әбу Бәкір:
«Уа, Аллаһтың елшісі! Сіздің оған емес, оның сізге ке-
луі орынды емес пе?» – дейді. Пайғамбарымыз қария
кісіні қарсы алдына отырғызды.
Қолын қарттың жүрек
тұсына қойып: «Мұсылман бол, жан тыныштығына
кенел», – дейді. Әбу Кухафа сол сәтте шын көңілімен
тілін кәлимаға келтіріп, мұсылман болады
87
.
86
Хайсами, Мәжмәуз-зәуәид 8/580 (14208)
87
Ибн Сағыд, әт-Табақатул-кубра 5/451
62
Сахабалар салған сара жол
Достарыңызбен бөлісу: |