Пайғамбарымыздың Абдулқайс басқарған
топты парыздарды орындауға шақыруы
Ибн Аббас (р.а.) былай дейді: «Абдулқайс бас-
қарған елшілер тобы Пайғамбарымызға келді. Пайғам-
барымыз
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)
оларға:
– Қош келдіңдер! Иншаллаһ бұл келгендеріңе ұятқа
қалып, өкінбессіңдер һәм зиянға ұшырамассыңдар, –
дейді. Олар:
– Уа, Расулаллаһ! Сенімен арамызда Мудар
мүшріктерінен бір топ бар. Сондықтан да саған тек ха-
рам айларында ғана келе аламыз. Орындаған жағдайда
бізді жаннатқа бастайтын және елімізді де соған наси-
хаттайтын ізгі амалдарды білдірсеңіз, – деп насихат
сұрайды. Пайғамбарымыз:
– Сендерге төрт нәрсені бұйырамын, төрт нәрсеге
тыйым саламын. Ол төрт нәрсе: Аллаһқа иманда тұрақты
болу, яғни Аллаһтан басқа тәңір жоқ екеніне нық сенім-
мен намаз оқу, зекет беру, ораза тұту, олжаның бестен
бірін беру. Мына төрт нәрсеге тыйым саламын: Дүбба,
накир, хантәм және мүзәффәт деген ішімдік ыдыста-
рына құрма немесе жүзімнен жасалған шарап құю.
Бұларды жақсылап біліп алыңдар, басқаларға да айта
барыңдар, – дейді
123
.
122
әл-Хинди, Кәнзул-уммал 1/535 (1531)
123
Мүслим, Сахих 1/46 (23
103
Аллаһ пен расулына шақыру
Достарыңызбен бөлісу: |