Алматы 2010 Мұхаммед Юсуф Кандахлауи


Алқаманың иман ақиқаты жайлы хадисі



Pdf көрінісі
бет63/349
Дата07.01.2022
өлшемі1,93 Mb.
#19929
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   349
Байланысты:
sahabalar omiri

Алқаманың иман ақиқаты жайлы хадисі

Алқама ибн Харис (р.а.) былай дейді: «Жеті адам 

болып  Аллаһтың  расулына  (с.а.с.)  барып  сәлем  бер-

дік. Ол сәлемімізді алды. Біраз тілдестік. Арамыздағы 

әңгіме былай өрбіген еді: 

–  Сендер кімсіңдер? – деді ол. Біз: 

–  Мүміндерміз. 

–  Барлық  сөздің  бір  ақиқаты  бар,  иманыңыздың 

айғағы не? 

–  Мына  он  бес  қасиет.  Оның  бесеуін  бізге  сен 

бұйырдың,  бесеуін  елшілерің  бұйырды,  ал  бесеуі  – 

надандық  дәуірінен  келе  жатқан  қасиеттеріміз.  Егер 

сен оларға да тыйым салсаң, қажет болса, бас тартып, 

не айтсаң, соған бағынамыз. 

–  Мен сендерге қандай нәрсе бұйырдым? 

–  Сен  бізге  Аллаһқа,  періштелеріне,  кітаптары-

на,  пайғамбарларына,  жақсылық  пен  жамандықтың 

Аллаһтан екеніне сенуді бұйырдың. 

–  Сендерге менің елшілерімнің бұйырған нәрселері 

не? 


–  Елшілерің бізге Аллаһтан басқа табынуға лайық 

тәңірдің  жоқ  екеніне,  Оның  теңі-теңдесі  жоқ  екеніне 

сенуімізді,  сенің  Аллаһтың  құлы  әрі  расулы  екеніңе 

куәлік келтіруімізді, бес уақыт намаз оқуымызды, па-

рыз  болған  зекетті  беруімізді,  рамазан  айында  ора-

за  ұстауымызды,  шама  келсе,  қажылыққа  баруды 

бұйырды. 

–  Ал  надандық  кезеңінен  қалған  бес  қасиеттерің 

қайсылары? 

–  Молшылық  кезінде  шүкіршілік,  қиындыққа 

сабырлық,  соғыста  әділдік  сақтау,  басқа  түскен 



104

Сахабалар салған сара жол

қиындыққа наразылық танытпау, тіпті дұшпанымыздың 

басына келген қасіретке қуанбау. 

Сонда Пайғамбарымыз 

(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)

: «Түсі-


нігі  мол,  тура  сөйлейтін,  ізгілікті  ту  еткен  қауым 

екенсіңдер.  Қасиеттеріңнің  кереметтігі  соншалық 

–  пайғамбарлық  көкжиегіне  жетейін  деп  қалған 

екенсіңдер, – деп бізге ілтипат білдірген соң, – сендерге 

енді  бес  өсиет  айтамын,  Аллаһ  осылайша  сендердің 

асыл  қасиеттеріңді  шыңдай  түссін:  жегендеріңнен 

артық  нәрсе  жимаңдар,  өздерің  тұрмайтын  үй 

салмаңдар,  бүгін  бар,  ертең  жоқ  дүние  үшін  бір-

біріңмен  араздаспаңдар,  Аллаһтан  қорқып,  азабынан 

сақтаныңдар,  мәңгілік  тұрақтайтын  ақырет  мекеніне 

қуана-құлшына ынта білдіріңдер!» – деді

124


.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   349




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет