105
Аллаһ пен расулына шақыру
шаққанда, әр хауари Аллаһтың құдіретімен өздері жі-
беріліп отырған қауымның тілін білетін жағдайға жет-
ті. Сол себепті бұл Аллаһ тағаланың сендерден қалаған
қызметі екені даусыз. Ойланып-толғанып жатпай, де-
реу орындаңдар!» – деді». Сахабалар: «Уа, Расулаллаһ!
Тапсырмаңызды қалтқысыз орындаймыз, бізді қалаған
жеріңізге жіберіңіз», – деді.
Олардың келісімін алған Аллаһ нәбиі
(саллаллаһу аләйһи
уә сәлләм)
Абдуллаһ ибн Хузафаны (р.а.) Кисраға, Сәлит
ибн Амрды (р.а.) Йәмама басшысы Хаузаға, Ала ибн
Хадрамиді (р.а.) Хажар басшысы Мүнзир ибн Сәуаға,
Амр ибн Асты (р.а.) Умман билеушілері Жүләндидің
екі баласы Жайфар мен Уббадқа, Дыхиятул-Кәлбиді
(р.а.) Цезарьға, Шүжаға ибн Уәхб Ансариді (р.а.)
Ғассанилерден Мүнзир ибн Хариске, Амр ибн
Умәйятуд-Дамриді (р.а.) Нәжашиге
жіберді. Ала ибн
Хадрамидан басқаларының барлығы Аллаһ расулы
дүниеден қайтпай тұрып, Мәдинаға оралды. Тек Ала
ибн Хадрами ғана Пайғамбарымыз қайтыс болар сәтте,
Бахрейнде болатын
125
.
Ибн Хажар «Фәтхул-Бәрида» Пайғамбардың
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)
өмірін зерттеген тарихшылардың
бұл елшілердің қатарына мына адамдарды да қосқанын
айтады: «Пайғамбарымыз Мұһажир ибн Әбу Умәйяні
Харис ибн Абди Күлалге, Жәрирді (р.а.) Зүл Кәлаға,
Саибті (р.а.) Мүсәйламаға, Хатыб ибн Әбу Бәлтағаны
(р.а.) Мұқауқысқа аттандырған болатын»
126
.
125
Табарани, әл-Муғжамул-кәбир 20/8 (12)
126
Ибн Хажар, Фәтхул-бари 8/128