Пайғамбарымыздың хаушаб зу-Зуләймді
парыздарды орындауға шақыруы
Хаушаб зу-Зуләйм былай дейді: «Аллаһ тағала
Мұхаммедке
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)
жеңісті нәсіп еткен-
нен кейін, мен оған Абдушәрр басқарған қырық атты
әскерді жібердім. Елшілерім менің хатымды алып,
Мәдинаға барған соң, Абдушәрр: «Мұхаммед деген
кім?» – деп сұрайды. «Мына кісі» деп, ол жердегілер
Пайғамбарымызды нұсқағанда, ол:
– Мына жұртқа не айтасың? Егер айтқаның ақиқат
болса, саған бағынамыз, – дейді. Расулаллаһ: – На-
маз оқисыңдар, зекет бересіңдер, қан төкпейсіңдер,
жақсылықты жайып, жамандықтан тыясыңдар, – дейді.
Абдушәрр:
– Бұл айтқандарың көкейге қонады екен. Әкел
қолыңды, саған серт беремін, – дейді.
Пайғамбарымыз
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)
одан:
– Сенің есімің кім? – деп сұрайды.
– Абдушәрр (жамандықтың құлы), – деп жауап бе-
реді ол. Пайғамбарымыз:
– Жоқ, керісінше, сенің есімің Абдулхайыр
(жақсылықтың құлы) болуы керек, – дейді.
121
Бұхари, Сахих 2/544 (1425)
102
Сахабалар салған сара жол
Ол Аллаһ расулына иман келтіріп, серт береді.
Пайғамбарымыз сол адам арқылы Хаушаб зу-Зуләймге
жауап жібергеннен кейін, Хаушаб та Аллаһ пен расу-
лына иман келтіреді»
122
.
Достарыңызбен бөлісу: |