Алматы 2010 Мұхаммед Юсуф Кандахлауи


Мұсғаб ибн умәйрдің Сағыд ибн Муазды



Pdf көрінісі
бет94/349
Дата07.01.2022
өлшемі1,93 Mb.
#19929
1   ...   90   91   92   93   94   95   96   97   ...   349
Байланысты:
sahabalar omiri

Мұсғаб ибн умәйрдің Сағыд ибн Муазды 

исламға шақыруы

Содан  Усәйд  найзасын  алып,  Сағыд  пен  өз 

қауымына  қайтады.  Олар  әдетте  бас  қосатын  жерде 

отырған болатын. Сағыд ибн Муаз Усәйдтің бойындағы 

өзгерісті  аңғарып:  «Усәйдтің  жүзі  әдеттегіндей  емес, 

өзгеше», – дейді. 

Усәйд қастарына келген соң, Сағыд: «Не бітірдің?» 

– деп сұрайды. «Барып сөйлестім. Екеуінің жан адамға 

зарары жоқ екенін көрдім. «Бұл жерде көп тұрмаңдар» 

дедім. Келісті. Естуімше, Харисаұлдары Әсад ибн Зу-

рараны өлтіру үшін жолға шығыпты, мақсаттары сені 

мұқату  болса  керек.  Өйткені  Әсадтың  сенің  жиенің 

екенін біледі екен», – дейді Усәйд. 

Сағыд ибн Муаз бұл хабарға ашуланып, орнынан 

атып  тұрады  да,  қолына  найзасын  алып:  «Осы  сенің 

ауыз  толтырып  айта  жүретіндей  іс  тындырғаныңды 

көрмеппін», – деп әлгі екі сахабаға тартады. 

Сағыд  ибн  Муаз  олардың  бейқам  отырғанын 

көріп, Усәйдтің өзін алдап, оларды тыңдау үшін әдейі 

айтқанын түсінеді. Әсад ибн Зурараға «Маған қара, Әбу 

Умама!  Арамыздағы  туыстық  байланыс  болмағанда, 

бұлай  жасамас  едің.  Өз  жерімізде  бізге  қастандық 

жасамақпысың?» – дейді. 

Әсад  Мұсғабтың  (р.а.)  құлағына  сыбырлап: 

«Мұсғаб, бұл кісі – қауымының беделді адамы. Егер ол 

сенің  айтқандарыңа  бағынса,  оның  қауымынан  саған 

бағынбайтын ешкім қалмайды», – дейді. 



174

Сахабалар салған сара жол

Мұсғаб:  «Жайланып  отырып  тыңдасаңыз. 

Айтқандарымызды 

ұнатсаңыз 

қабылдарсыз, 

ұнатпасаңыз бұл жерден кетіп қалармыз», – дейді.

Сағыд: «Иә, айтқаның жөн-ақ», – деп тізе бүккеннен 

кейін,  Мұсғаб  оған  Исламды  түсіндіріп,  «Зухруф» 

сүресінің мына алғашқы аяттарын оқыды: 

«Бисмилләһир-Рахманир-Рахим.  Ха,  Мим.  Осы 

айқын кітаптың өзімен ант етейін, сендер түсінсін деп, 

Біз оны араб тіліндегі Құран ретінде түсірдік. Бұл, шы-

нында  да,  лаухул-махфұзда  өз  тарапымыздан  түскен  

биік  мәртебелі,  қасиетті  кітап.  Сендер  (адасып)  шек-

тен шығып кеткен қауым болғандықтарың үшін, ақыл-

кеңес айтудан бас тартуға бола ма?» (Зухруф, 43/1-5). 

Осы  екі  сахабаның  бұдан  ары  не  дегеніне  құлақ 

салайық:  «Біз  сөзімізді  бастамай  жатып,  Сағыдтың 

жүзі  жылып,  жадырағанынан  оның  Исламға  кіретінін 

түсінген  едік».  Сағыд  ибн  Муаз  олардан  мұсылман-

дықты қабылдағанда не істеу керектігін сұрайды. Олар 

ғұсыл құйынып, жақсылап тазалану керектігін, іш киім 

мен сыртқы киімдерін тазалап, кәлима шаһадатты ай-

тып, екі рәкат намаз оқу керектігін айтады. 

Сағыд  осы  айтылғандарды  орындап,  найзасын 

алып Усәйд ибн Худайрмен бірге қауымына қайтады. 





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   90   91   92   93   94   95   96   97   ...   349




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет