умәйр ибн уәхбтің мұсылман болуы
Уруа ибн Зубәйр былай дейді: «Умәйр ибн Уәхб
әл-Жумәхи мен Сафуан ибн Умәйя Бәдір жеңілісінен
кейін Меккедегі Хижрде бірде ұнжырғасы түсіп
отырған болатын. Умәйр ибн Уәхб – Құрайыштың за-
лым мүшріктерінің, Аллаһ расулы мен сахабаларға ең
көп азап көрсеткен адамдарының бірі. Мұсылмандар
одан көрмегенді көрді. Баласы Уәхб ибн Умәйр Бәдірде
тұтқынға түскендердің арасында болатын. Умәйр
Бәдірде өлтіріліп, денелері бір шұңқырға тасталған
(Асхабы Қалиб) пен өздерінің басына келген қайғылы
жағдайлары туралы әңгіме қозғайды. Сафуан: «Олар-
дан кейін өмірдің мәні де қалмады ғой», – дейді. Умәйр:
«Дұрыс айтасың. Төлейтін қарызым мен отбасыма
алаңдамағанымда, солардың тұтқынындағы балам-
ды сылтауратып барып Мұхаммедті жер жастандырар
едім», – дейді.
Сафуан ибн Умәйя бұл мүмкіндікті пайдаланбақ
болып: «Барлық қарызыңды мойныма аламын, бала-
шағаң да менің балаларыммен бірге болады. Өмір
161
Ибн Кәсир, әл-Бидая 3/153
176
Сахабалар салған сара жол
бойы өзім көмектесемін, таршылық көрмейді», – дей-
ді. Умәйр: «Олай болса, айтқандарымыз арамызда
қалсын», – дейді. Сафуан келіседі.
Умәйр қылышын жанып, оған у жалатуды бұйы-
рады. Сақадай сай дайындалып, жолға шығады. Меккеге
жеткен кезде, Омар ибн Хаттаб (р.а.) мұсылмандардан
бірнеше адаммен Бәдір соғысы жөнінде, осы соғыстағы
Аллаһтың өздеріне бұйыртқан сыйлары мен жаудың
қалай жеңілгені туралы сөйлесіп отырған еді. Омар (р.а.)
Умәйр ибн Уәхбтің келгенін аңғарады. Умәйр түйесін
мешіттің қасында шөктіріп, қылышын жалаңдатып
тұрған болатын. Омар: «Мына қаскүнем – Аллаһтың
дұшпаны, бір жамандық істеуге келгені ақиқат. Бәдір
күні арамызға бүлік салған адам осы», – деп, кідірмей
Пайғамбарымызға (с.а.с.) тартады.
«Уа, Расулаллаһ! Мына Аллаһтың дұшпаны Умәйр
қаруын сайлап келіп тұр», – дейді. Пайғамбарымыз:
«Оны маған алып кел», – деп әмір етеді.
Хазірет Омар Умәйрді мойнына асынған
қылышының бауынан жібермей ұстап, оны
сүйрегендей ғып Пайғамбарымызға ертіп апара жа-
тып, қасындағы ансарларға: «Аллаһ расулының алды-
на барып отырыңдар. Мына жексұрынды байқаңдар,
бұған сенуге болмайды», – дейді. Умәйрді ішке кіргі-
зеді. Пайғамбарымыз: «Омар, жібер оны. Умәйр, сен
бері таман кел», – деп бұйырды. Умәйр жақындап:
«Қайырлы таң!» – деп сәлем береді. Аллаһ расулы: «Уа,
Умәйр, Аллаһ сенің сәлеміңнен де жақсы сәлеммен,
жұмақ халқының сәлемімен бізге сый жасады», – дей-
ді. Умәйр: «Уа, Мұхаммед! Мен ол сәлем туралы енді
ғана естіп тұрмын», – дейді. Пайғамбарымыз одан:
«Ей, Умәйр, не үшін келдің?» – деп сұрайды. Умәйр:
177
Аллаһ пен расулына шақыру
«Қолдарыңдағы тұтқында отырған балам үшін келдім,
босатып берсеңдер», – дейді. Пайғамбарымыз: «Олай
болса, мына қылышың не?» – деп сұрайды. Умәйр:
«Құрысын бүйткен қылышы! Бәдірде еш кәдемізге
жарамады», – дейді. Расулаллаһ: «Маған шыныңды
айт, неге келдің?» – деп сұрайды. Умәйр: «Қайталап
жатудың қажеті не? Айттым емес пе? Балам үшін
келдім», – дейді. Пайғамбарымыз
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)
:
«Жоқ, олай емес. Сен және Сафуан ибн Умәйя Хи-
жрде отырдыңдар, Құрайыштардың Бәдірде ажал
құшқан адамдарын естеріңе алдыңдар. Сосын сен
«Мойнымда қарыздарым мен бала-шағам болмағанда,
Мұхаммедті барып өлтірер едім» дедің. Сафу-
ан сенің қарыздарың мен балаларыңның күн көріс
қамын өз мойнына алды. Алайда Аллаһ тағала саған
мұндай мүмкіндікті бермейді», – дейді. Сонда Умәйр
таңданысын жасыра алмай: «Куәлік етемін, сен анық
пайғамбарсың. Уа, Расулаллаһ, біз сені өтірікшіге ба-
лап, әкелген хабарларыңды, саған келген уахиларды
жалғанға шығардық. Сафуан екеуміз әңгімелескенде,
қасымызда тірі жан жоқ болатын. Қазір саған келген
хабарларды Аллаһтан екеніне көзім нақты жетті. Мені
Ислам арқылы тура жолға салған Аллаһқа мадақ айта-
мын», – деп иман келтіріп, шаһадат айтты.
Ардақты елші: «Бауырларыңа дінді жақсылап
түсіндіріп, Құран үйретіңдер, тұтқындағы баласын
босатыңдар», – дейді. Сахабалар оның айтқанын орын-
дайды. Сонда Умәйр: «Уа, Расулаллаһ! Аллаһтың
нұрын сөндіруге жанталасып бақтым. Аллаһтың діні-
не мойынсұнғандарға көптеген қастандықтар жасадым.
Маған рұқсат беріңіз, Меккеге барып, оларды Аллаһқа,
178
Сахабалар салған сара жол
расулына, Исламға шақырайын. Бәлкім, Аллаһ оларға
да тура жолды нәсіп етер», – дейді.
Пайғамбарымыз Умәйрге рұқсатын беріп, ақжол
тілейді. Умәйр Меккеге қайтады.
Умәйр ибн Уәхб Аллаһ расулына қастандық жа-
сау үшін Мәдинаға кеткеннен кейін, Сафуан ибн
Умәйя күн сайын меккеліктерге: «Жақында сендерге
сондай бір сүйінші хабар айтамын, ол Бәдір оқиғасын
ұмыттырады», – дейтін. Сөйтіп, Сафуан келген-кеткен
керуендерден Умәйрдің хабарын сұрайтын. Олардың
бірі Умәйрдің мұсылман болғанын айтқанда, Сафуан
төбесінен жай түскендей болып, бұдан былай онымен
сөйлеспеуге, оған көмек бермеуге ант-су ішеді
162
.
Уруа ибн Зубәйр былай дейді: «Умәйрдің Ислам-
ды қабылдағанына мұсылмандар қатты қуанды. Тіпті
Омар (р.а.): «Алғаш келгенінде оны доңыздан бетер
жек көріп тұрдым. Ал қазір оны балаларымнан да артық
көремін», – деген
163
.
Уақиди былай дейді: «Умәйр ибн Уәхб мұсылман
болып, Меккеге оралғанда, ешқайда бұрылмастан,
тіке өзінің үйіне тартты. Сафуан ибн Умәйямен кез-
десу ойына да кіріп-шықпады. Мұсылман болғанын
айтып, барша адамдарды Исламға шақыра бастады.
Сафуан мұны естігенде: «Мұны маған соқпай, бірден
үйіне тартқанынан-ақ түсінген едім. Ол да қатерге ба-
сын тікті, дінінен шықты. Бұдан былай сөйлеспеспін,
балаларына да көмектеспеймін», – дейді. Сафуан Хи-
жрде болған кезде, Умәйр қасына келгенде, Сафуан
жүзін теріс бұрады. Умәйр оған: «Сен үлкендеріміздің
162
Ибн Кәсир, әл-Бидая 3/313
163
Хайсами, Мәжмәуз-зәуәид 8/508 (14064)
179
Аллаһ пен расулына шақыру
бірісің. Тастарға табынып, солар үшін құрбандық ша-
латын едік. Айтшы қане, осы да дін бе? Куәлік етемін,
Аллаһтан басқа ғибадатқа лайық тәңір жоқ. Мұхаммед
– Оның құлы әрі елшісі», – дейді. Сафуан Умәйрге тіл
қатпады»
164
.
Достарыңызбен бөлісу: |