181
Намаз
Азан
Азан – сөздікте «хабар беру, білдіру» мағынасын
білдіреді. Терминге салсақ:
парыз намаздардың
уақыттарын білдіретін арнайы айтылатын сөздер. Парыз
намаздары үшін оқылатын азан Құран мен сүннет арқылы
белгіленген. Исламның әуелінде дәл қазіргідей азан
оқылмайтын. Тек қана «әс-салата, әс-салата» (намазға,
намазға), немесе «әс-Салатул-жами’аһ» (намаз адамдар-
ды біріктіруші) секілді сөздермен білдірілетін. Кейіннен
һижреттің алғашқы жылдарында Мәдинада Пайғамбар
мешіті
салынып біткен кезде, сахабалар жиналып,
Пайғамбарымызбен (с.а.у.) бірге жамағат болып, намаз
оқи бастады. Міне, сол уақытта Аллаһ Елшісі (с.а.у.)
намаз уақыттарының жариялануы жайында сахабалар-
мен мәжіліс өткізді. Кейбір сахабалар түсінде көрген
азан оқылуын айтып, бұл да уахимен қуатталып, бүгінгі
кездегі азан түрі пайда болды.
Ерлер үшін азан – мүәккад сүннет. Аллаһ
Тағала Құран Кәрімде:
Достарыңызбен бөлісу: