Алматы 2010 Мұхитдин Исаұлы Қайрат Жолдыбайұлы ислам ғылымхалы



Pdf көрінісі
бет102/309
Дата27.09.2023
өлшемі2,11 Mb.
#110880
1   ...   98   99   100   101   102   103   104   105   ...   309
4. Құбыладан бұрылу.
Себепсіз намазда кеудесімен 
құбыладан басқа жаққа бұрылса, намазы бұзылады.
5. Намазда әурет жерінің ашылуы намазды 
бұзады. 
Ханафи мәзһабында әурет жері болған мүшенің 
төрттен бірінің ашылуы намаздың бұзылуына жетіп 
жатыр.
6. Намаз оқыған адамның дәретінің бұзылуы.
Намазда адамның мұрны қанаса немесе аузына құсық 
келу секілді себептерге байланысты еркінен тыс дәреті 
бұзылса, мұндай жағдайда адамның дәреті бұзылса да, 
намазы бұзылмайды. Ол сөйлеместен және басқа бір 
әрекет етпей тек дәретін қайта алып келген жағдайда, на-
мазын келген жерден жалғастыра алады. Бірақ намазын 
қайта басынан оқыса – абзал.
7. Дауыстап күлу. 
Намазда жанындағы адам 
еститіндей етіп күлу – намазды бұзады. Мұндай 
жағдайда адамның намазы да, дәреті де бұзылады. Егер 
сәл күлімсіресе намазы бұзылмайды. Бірақ күлімсіреген 
уақытта өзі еститіндей дыбыс шығарса, намазы 
бұзылады, бірақ дәреті бұзылмайды. Пайғамбарымыз 
(с.а.у.): 
«Кімде-кім дауыстап күлсе, намазы мен дәретін 
қайталасын»
,
219
– дейді.
8. Талып қалу, ес-түстен айрылу.
Мұндай 
жағдайларда адамның намазы бұзылады.
9. Намаз ниетін ауыстыру. 
Оқып жатқан нама-
зынан басқа намазға ниет етсе, намазы бұзылады.
10. Намаздың бір парызын тастау.
Намаздың 
ішіндегі бір парызын сол намазда қаза етпестен тәрк ету 
219
Дөндерен, 281.


180
Ислам ғылымхалы
намазды бұзады. Намаздың бір рәкатының сәждесін тәрк 
етіп, мұны сол намазда қаза етпей сәлем беру секілді.
11. Намаз оқыған ер адамның арасында бір адам 
сыятындай орын болмай немесе перде, дуал, т.б. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   98   99   100   101   102   103   104   105   ...   309




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет