204
Ислам ғылымхалы
«раббана әтина» дұғаларын толық оқып, сәлем беріп,
намазын аяқтайды.
Төрт рәкатты намаздың екінші рәкатына
үлгерген жағдайда...
Төрт рәкатты намаздың екінші рәкатында имамға
ұйыған адам, имам соңғы отырысқа отырған уақытта
тек қана әт-тәхият дұғасын оқиды. Имам сәлем берген-
нен кейін тұрып, «субханака» дұғасы мен «а’узу мен
бисмиллаһты» және «Фатиха» мен қосымша сүре оқып,
рүкүғ, сәжде жасап, соңғы отырысқа отырады. Бұл жерде
«әт-тәхият», «салауат», «раббана әтина»
дұғаларын
толық оқып,
сәлем беріп, намазын аяқтайды.
Имамға рүкүғда үлгерген адам сол рәкатқа үлгерген
саналады. Имамға сәжде немесе отырыста үлгерген адам
дереу ифтитах (намазға бастау) тәкбірін алып, имамға
ұйиды.
Сахаба Муаздың имамдығы
Хазіреті Муаз бірде халыққа «Бақара» және «Ниса»
сүрелерін оқып, имамдық жасап, бұның арты жамағаттың
шағымдануына әкеліп соғады.
Пайғамбарымыз
осыған байланысты Хазреті
Муазға мынадай ескерту жасаған: «Му’аз! Сен халықты
жалықтырып, арадан кейіс, наразылық тудырғың келе
ме? Сенің істегенің дұрыс емес. Намазды «Сәббих-
исмә-раббикә» немесе «Уәш-шәмси, уәд-духаһә» сияқты
қысқалау сүрелермен оқығаның абзал», – деп ескерту
жасаған.
Достарыңызбен бөлісу: