Алматы 2010 Мұхитдин Исаұлы Қайрат Жолдыбайұлы ислам ғылымхалы


Намаз Орындыққа отырып оқуға да болады



Pdf көрінісі
бет113/309
Дата27.09.2023
өлшемі2,11 Mb.
#110880
1   ...   109   110   111   112   113   114   115   116   ...   309
Байланысты:
ислам ғылымхалы

Намаз
Орындыққа отырып оқуға да болады.
Отырып оқыған уақытта мүмкін болса аяқтарын 
жиған күйде, мүмкін болмаса құбыла жаққа созып оқи 
береді. Рүкүғ және сәжде ишарат жолымен жасала-
ды. Ишарат: рүкүғда аздау, сәждеде көбірек басты ию 
арқылы жасалады. Ишаратпен де оқи алмайтындар көз, 
қас арқылы ишарат жасап оқи алмайды. Ишаратпен де 
оқи алмайтындар оқи алмаған намаздарының саны 5-тен 
аз болса, кейіннен қаза етеді. Ал 5-тен көп болса, қазасын 
өтемейді. Әбу Ханифаның басқа бір пікіріне сүйенсек, 
кейіннен қазасын өтейді. Науқас адамның алдына сәжде 
етуі үшін тақтай, жастық, орындық сияқты нәрселер 
қойылмайды.
Жамағатпен намаз
Ислам діні – жамағат діні. Сондықтан жамағатпен 
намаз оқуды өте жоғары бағалаған. Ханафи мәзһабында 
ер кісілердің бес уақыт парыз намазды жамағатпен 
оқулары – бекітілген сүннет. Тіпті басқа мәзһабтардағы 
кейбір ғалымдар парыз деп үкім берген. Екі кісі болса 
да намазды жамағатпен оқу керек.
Жамағатпен намаз оқу арқылы мұсылмандар бір-
бірімен танысып, араларында жылы қарым-қатынас 
күшейеді. Періштелер сияқты Аллаһтың құзырына 
сап құрып, жамағатпен оқылған намаздың сауабы
жеке оқылған намаздан жиырма жеті есе артық. 
Пайғамбарымыз (с.а.у) жамағатпен намаз оқудың 
сауаптылығын көптеген хадистерінде білдірген. Мысал 
ретінде: 
«Жамағатпен оқыған намаздың сауабы жеке 
оқылған намаздан жиырма жеті есе артық». «Кімде-
кім құптан намазын жамағатпен оқыса, түн ортасына 


198
Ислам ғылымхалы
дейін намаз оқығандай сауап алады. Таң намазын да 
жамағатпен оқыса түні бойы намаз оқығандай сауап 
алады». «Адамдар егер алдыңғы саптың қаншалық 
сауаптылығын білгендерінде, алдыңғы саптан орын 
алу үшін араларында жеребе тастауға дейін баратын 
еді». «Намазды алғашқы уақытында оқудың сауабын 
білгендерінде ол үшін жарысар еді. Құптан намазы мен 
таң намазының кереметтігін білгендерінде, еңбектеп 
болса да, бұл намаздарды жамағатпен оқуға келетін 
еді»
. Саптардың ең сауаптысы – ең алғашқы сап. Одан 
кейін ретіне қарай келесі саптар.
Әйел адамдар мешітке барып жамағатпен бірге 
намаз оқуларына болады. Бірақ үйде оқулары абзал. 
Пайғамбарымыз (с.а.у.) бұл жайлы: 
«Әйелдердің мешітке 
баруларына бөгет болмаңдар. Бірақ үйлері олар үшін 
мешітке баруларынан да абзал»
, – дейді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   109   110   111   112   113   114   115   116   ...   309




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет