254
Ислам ғылымхалы
тамшыны алақаға (жабысқақ ұрықтанған клеткаға)
сосын, оны мудғаға (бір тістем ет көрінісіндегі
жаратылысқа) сосын мудғаны сүйектерге
айналдырдық, сосын сүйектерді етпен қаптадық,
сосын, оны басқа бір жаратылыс жасадық. Аллаһ –
ең керемет Жаратушы»
288
–
делінеді.
Осы сияқты мұғжизаға
толы аяттар Құранда
көптеп кездеседі. Мұндай аяттарда VII ғасырда өмір
сүрген адамдардың білуі мүмкін емес ғылыми деталь-
дар жатқанын байқау қиынға соқпайды. Мысал бере
кетсек:
1. Адам шәует сұйығының түгелінен емес, тек бір
кішкене бөлігінен, яғни аталық клеткадан (спермадан)
жаратылатыны;
2. Сәбидің жынысын – аталық ұрық айқын-
дайтыны;
3. Эмбрионның ана құрсағына сүліктей боп жабы-
сып
тұратыны;
4. Сәби ана құрсағында 3 қараңғы кеңістік ішінде
өсетіні, т.б.
Бұл детальдар ХХ ғасырда ғылым мен технологияның
шарықтау шегінде ғана айқындалғандығы – адамды
Құранға және оны түсіруші Аллаһқа жақындата түспеуі
мүмкін емес, сірә. Енді
осыларға тереңірек тоқтала
кетелік.
Достарыңызбен бөлісу: