Алматы 2010 Мұхитдин Исаұлы Қайрат Жолдыбайұлы ислам ғылымхалы



Pdf көрінісі
бет147/309
Дата27.09.2023
өлшемі2,11 Mb.
#110880
1   ...   143   144   145   146   147   148   149   150   ...   309
Байланысты:
ислам ғылымхалы

Жердің айналу бағыты
﴾ ِبا َح َّسلا َّرَم ُّرُمَت َيِهَو ًةَدِما َج اَهُبَس ْحَت َلاَب ِجْلا ىَرَتَو﴿
«Тауларды көріп, оларды тапжылмай тұр деп 
ойлап қаласың. Ал олар болса, бұлттардың көшуі 
тәріздес жылжуда»
285

Адамдардың ақиқат аясында өмір сүрулері үшін 
шырақ қылып түсірген қасиетті Құранның бұл аятында 
Жердің тек айналуы ғана емес, сонымен қатар, оның 
айналу бағыты да таңғаларлық білгірлікпен айты-
лып кеткен. Қазіргі заман ғылымының қол жеткізген 
жаңалықтарының бірі – 3500-4000 м биіктіктегі негізгі 
бұлт жиындарының қозғалыс бағыты әрқашан батыс-
тан шығысқа қарай болатыны. Ауа райын болжау үшін 
284
Шабан Дөген, Мұсылман білім өнжиллери ансиклопедиясы, 
51-бет. Стамбул.
285
Нәміл сүресі/88.


251
Намаз
көбінесе батыстағы жағдайға назар аударылуының себебі 
де содан.
Ал, бұлт жиындарының батыстан шығысқа қарай 
қозғалуының негізгі себебі – Жердің айналу бағыты. 
Өйткені, жер батыстан шығысқа қарай айналатыны 
белгілі. Кейіннен белгілі болған бұл ғылыми ақиқат 
бірнеше ғасыр бұрын қасиетті Құранда айтылып қойғаны 
керемет емей немене?!
Теңіздердің бір-біріне араласпауы
Зерттеушілердің теңіздердің ерекше қасиетіне бай-
ланысты соңғы ғасырда ашқан жаңалықтарының бірі 
Құранның «Рахман» сүресінде былайша баяндалады:
﴾ ِناَيِغْبَي َّلا ٌخَزْرَب اَمُهَنْيَب ِناَيِقَتْلَي ِنْيَر ْحَبْلا َجَرَم﴿
«Аллаһ Тағала екі теңізді ағызды, олар бір-бірімен 
қабысады, бірақ араларында перде болғандықтан бір 
бірімен араласпайды»
286

Иә, бір-бірімен қабысып жатса да сулары арала-
спайтын теңіздердің жоғарғы аятта айтылған ерекшелігі 
жақында ғана мұхит зерттеушілері тарапынан Жерор-
та теңізі мен Атлант мұхитының қабысқан жерінен 
табылды. Ғасырлар бойы бір-бірімен түйісіп тұрған 
теңіз суларының тығыздықтарының әр түрлі болуы – 
екі теңіздің суларын бір-біріне араластырмай ортада 
көрінбейтін бір қабырға бардай боп тұрады.
Шынымен-ақ, физика ғылымы, су асты зерттеулері, 
тығыздық өлшемі сияқты нәрселер әлі адамның үш 
ұйықтаса түсіне кірмейтін дәуірде Құранның бұл ғылыми 
286
Рахман сүресі/19-20 аят.


252


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   143   144   145   146   147   148   149   150   ...   309




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет