Алматы 2010 Мұхитдин Исаұлы Қайрат Жолдыбайұлы ислам ғылымхалы



Pdf көрінісі
бет148/309
Дата27.09.2023
өлшемі2,11 Mb.
#110880
1   ...   144   145   146   147   148   149   150   151   ...   309
Байланысты:
ислам ғылымхалы

Ислам ғылымхалы
ақиқатты дөп басып баяндауы ойланған адамға көп 
нәрсенің бетін ашары сөзсіз…
Таулардың қозғалуы
Құранның бір аятында табиғаттың әсем де асқақ 
ажырамас бөлігі – таулардың әрдайым қозғалыста бо-
латыны турасында былай делінген:
﴾ ِبا َح َّسلا َّرَم ُّرُمَت َيِهَو ًةَدِما َج اَهُبَس ْحَت َلاَب ِجْلا ىَرَتَو﴿
«Тауларды көріп, оларды тапжылмай тұр деп 
ойлап қаласың. Ал олар болса, бұлттардың көшуі 
тәріздес жылжуда»
287

Таулардың бұл қозғалысы жер қабығының 
қозғалысына байланысты. Жер қабығы болса, мантияның 
үстінде үнемі қалқып жүреді. Ең алғаш ХХ ғасырдың 
басында неміс ғалымы Алфред Вегенер жер бетіндегі 
құрлықтардың бастапқыда біртұтас болғаны, кейіннен 
түрлі бағыттарда жылжып, бір-бірінен бөлінгені туралы 
тұжырымды ортаға салған еді.
Алайда, геологтар Вегенердің айтқандарының тек 
тұжырым ғана емес, ғылыми ақиқат екендігіне оның 
өлімінен 50 жылдан кейін ғана, яғни 1980 жылдары ғана 
көз жеткізді. Ал, бұл ақиқат Вегенерден де пәленбай 
ғасыр бұрын бүкіл ғылымдардың қайнар бұлағы – 
Құранда айтылып кеткен еді…
Вегенердің 1915 ж. жарияланған мақаласында мына 
деректер келтірілген: жер бетіндегі құрлықтар шамамен 
500 миллион жыл бұрын біртұтас болған, Пангаэя атты 
бұл үлкен құрлық оңтүстік полюсте орналасқан. Ша-
287
Нәміл сүресі/88.


253
Намаз
мамен 180 миллион жыл бұрын Пангаэя екіге бөлінеді. 
Екі бағытқа қарай жылжып отырған бұл екі құрлықтың 
бірі – Африка, Австралия, Антарктика және Үндістанды 
қамтыған Гондвана, ал, екіншісі – Еуропа, Солтүстік 
Америка және Үндістансыз Азиядан тұратын Лавразия 
болатын.
Осылайша, Пангаэяның бөлінуі нәтижесінде пайда 
болған бұл құрлықтар үздіксіз түрде жылда бірнеше 
сантиметрлік жылдамдықпен жылжып отырады.
Бұл жерде айта кететін тағы бір маңызды нәрсе – 
Құран аятында таулардың қозғалысына байланысты 
«жылжу» сөзінің қолданылуы. Қазіргі ғалымдардың 
бүгінгі таңда осы таулардың қозғалысы туралы пайдала-
нып жүрген термині ағылшын тілінде «continental drift», 
яғни «құрлықтық жылжу».


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   144   145   146   147   148   149   150   151   ...   309




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет