Алматы 2010 Мұхитдин Исаұлы Қайрат Жолдыбайұлы ислам ғылымхалы



Pdf көрінісі
бет158/309
Дата27.09.2023
өлшемі2,11 Mb.
#110880
1   ...   154   155   156   157   158   159   160   161   ...   309
Байланысты:
ислам ғылымхалы

Ескерту:
Намазда сәһу сәждесін қажет ететін бірнеше қате 
үшін бір сәһу сәждесі жеткілікті.
Имамға кейіннен қосылған адам өзі оқыған 
рәкаттарда қате жасаса, сол қатесі үшін сәһу сәждесін 
жасайды.
Намазда оқып тұрған сүрені жалғастыра алмай, 
басқа сүреге өтетін болса, сәһу сәждесі қажет емес.
Оқып жатқан намазының рәкаттарының санында 
жаңылысып, күмәнданған адам, егер бұндай жаңылысу 
мен күмән бірінші рет болып тұрса, намазын қайтадан 
оқиды. Ал егер бұндай күмән жиі-жиі кездесіп тұратын 
болса, жүрегінің басымырақ таңдағанына қарай на-
мазын жалғастырады. Мысалы, таң намазының «бір 
рәкатын оқыдым ба, жоқ әлде екі рәкатын оқыдым 
ба?» – деп күмәнданып, бір рәкат оқығанына көңілі 
толып, жүрегі үкім берсе, тағы бір рәкат оқып, нама-
зын тәмамдайды. Күмәнданып, кідіргені үшін артынан 
сәһу сәждесін жасайды. Керісінше екі рәкат оқығанына 
көңілі толып, жүрегі үкім берсе, тәшәһһудке отырып, 
сәлем бергеннен кейін сәһу сәждесін жасайды. Бір 
рәкат оқығанын немесе екі рәкат оқығанын басымырақ 


268
Ислам ғылымхалы
етіп таңдай алмай, көңілі толмаған жағдайда, ең азын 
негізге алып, намазын жалғастырады. Мысалы, таң 
намазының бір рәкатын оқыдым деп, тағы бір рәкат 
қосып оқиды. Бірақ күмәнданған бірінші рәкатынан 
соң, тәшәһһудке отырғаннан кейін ғана екінші рәкатын 
қосып оқиды. Өйткені, бірінші рәкаты екінші рәкат 
болып қалу ықтималы болғандықтан, екінші рәкаттан 
кейін ақырғы отырысқа отыру – парыз. Екінші рәкатты 
қосып оқығаннан кейін, сәһу сәждесін жасайды.
Тиләуәт сәждесі
Құранда он төрт жерде сәжде аяты бар. Бұларды 
оқыған, естіген адамның сәжде етуі – уәжіп. Тиләуәт 
сәждесін жасайтын адамның дәреті, әурет жерінің 
жабық болуы тиіс. Ниет етіп, құбылаға қарап, қолдарын 
көтермей «Аллаһу әкбар» деп сәждеге барады. Үш рет 
«субхана раббиал-а

ла» дегеннен кейін қайта «Аллаһу 
әкбар» деп орнынан тұрады. Бұлай істеу – сүннет. Бірақ 
артынан «Ғуфранака рәббәнә уа иләйкал-масир» деу – 
мұстахап. «Аллаһым! Кешіріміңді тілеймін. Сөзсіз саған 
қайтамыз».
Кісі бір жерде тұрып, бір сәжде аятын бірнеше мәрте 
қайталаса, бәріне бір сәжде жеткілікті. Бірақ бір жерде әр 
түрлі сәжде аятын оқыса, әрқайсысына жеке-жеке сәжде 
қажет. Аятты радио, телеарнадан естуі мен жанындағы 
адамнан естуі арасында ешқандай айырмашылық жоқ. 
Хайыз бен нифастағы әйелдерге сәжде аяты уәжіп 
емес.
Сәжде аяттары: Ағраф, 7/206, Рағыд, 13/15, Нахыл, 
16/50, Исра, 17/109, Мәриям, 19/25, Хаж, 22/18, Фурқан, 


269


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   154   155   156   157   158   159   160   161   ...   309




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет