Алматы 2010 Мұхитдин Исаұлы Қайрат Жолдыбайұлы ислам ғылымхалы



Pdf көрінісі
бет176/309
Дата27.09.2023
өлшемі2,11 Mb.
#110880
1   ...   172   173   174   175   176   177   178   179   ...   309
Ислам ғылымхалы
көрсетеді... Көңілдері алабұртып, алып ұшқан әркім өз 
дәрежесіне қарай айттың көрсеткен жолдарымен ұшуға 
даяр құстай бола қалады. Тылсым сырдың есігі ашыла 
кеткендей қанаттарын тағатсыз қағады. Ақырында ұша 
жөнеліп, жеткен яки жететін шыңдардың асқақтығын 
көріп, тамашалап, тұла бойы нұрға малынады да, осы 
дүние күнін бейне бір жәннат заманына айналдырады. 
Иә, олар ғажайып күйге еніп, әрбір заттан Хаққа тиіс 
әсемдік пен сұлулықты көріп, тамашалап, ақпай тоқтап 
қалған заманның тілімен ең әдеби хұтпа-жырлар оқиды. 
Оған барлық мекендерден, айттың нұрымен боялған саф, 
ғажайып сиқырлы әуен қосылады. Егер айттың жазған 
осы бір әуені мен айт әлеміндегі адамдардың жүрек-
сарайынан төгілген жырларын қағазға төгу мүмкін болса, 
ең ғажап әуен мен аса мағыналы өлең де мұның жанында 
күзде төгілген сап-сары жапырақтай болып қалар еді 
деп ойлаймын.
Кейде айттың келуімен, көкірек көзі ояу жандар-
ды Ұлы Жаратушы жақтан ескен «илаһи самал» баурап 
алады. Сол сәтте олар жай адамдардың тамаша еткен 
әлемінің арғы жағын көргендей ғажайып күйге еніп, 
бейне бір екі әлемнің ортасында тұрғандай сезінеді. 
Тақуалықтан жүректері діріл қағып, өздерін «үміт пен 
үрей» аясынан табады. Кейде адам айтта барлық нәрсені 
болмысынан басқаша сезініп, өзгеше бағалайды. Тіпті 
ол өзін баураған кейбір сезім иірімдері арқылы көктер 
мен жерді бір-бірімен бірігіп кеткендей көріп, жерден 
ұзап, көкке ұшып, періштелердің арасына кіріп, олардың 
әлемінде жүргендей сезініп, ашылып, кеңейіп «мекенсіз» 
күй кешеді. Сонда ол өзін бейне бір түпсіз тереңдікке 
бойлап, шексіздікке жеткендей сезінеді.


299
Ораза
Айтта сезімдер өте жұмсап, адам жаны қатты 
жеңілдейді де, ақыл мен жүрек бір-бірімен қосылып 
кетеді. Адам кейде осы бір деңгейдегі өзгерістерге 
қарап, қатты таңданады. Бәлкім, сол сәтте ол адамдық 
құндылықтарды еске түсіргені үшін айттың қайта-қайта 
келуін қалайтын да шығар...
Иә, айтты барлық иманды жандар іштей сезінеді. 
Біздің өлкемізге аса нәзік, аса сүйкімді, аса тәтті болып 
келеді. Мыңдаған жылдан бері қадірлі қонақтай келіп, 
құт-берекесін шашып, мейірім-шапағатымен құшақтаған 
айтты қашан да үйімізде, мешіт, мінәжатхана мен 
көшелерде көріп келген сәтте-ақ құшағымызды ашып 
тұра жүгіреміз. Иә, айт әр келгенінде сана-сезімімізге 
қатты әсер етіп, өзімізді құшағында тұрғандай сезінеміз. 
Сонда біз оны бейне бір аңқыған жұпар иіс, тіл мен 
тамағымыздағы ләззат, жүректе сезілген тәттілік, ой-
өрісімізге жаңа атқан таңдай сезіне кетеміз. Ол да күннің 
әр сағатында бізге тілмен жеткізе алмайтын ғажайып 
әуенін шарықтатып ала жөнеліп, айналасын баурап алып, 
бәрімізді өзінің ақыреттік бағына қарай тартады. Ой-сана 
мен қиял-әлемімізді ғаламат суреттермен безендіреді. Бір 
күні алыстап кетсе де, ой-санамызда әсем түстердей сол 
бір суреттер сақталып қала береді...».


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   172   173   174   175   176   177   178   179   ...   309




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет