Алматы 2010 Мұхитдин Исаұлы Қайрат Жолдыбайұлы ислам ғылымхалы


Ораза жамандықтан сақтайды



Pdf көрінісі
бет177/309
Дата27.09.2023
өлшемі2,11 Mb.
#110880
1   ...   173   174   175   176   177   178   179   180   ...   309
2. Ораза жамандықтан сақтайды
Ораза адам жанын тазартып, жаман қылықтардан 
сақтайды. Құранда Аллаһ Тағала былай дейді. 
«Ей, 
иман еткендер! Күнәлардан сақтанып, тақуалыққа 
жетулерің үшін сендерге бұрынғыларға парыз 
етілгендей ораза парыз етілді»
313
.
313
Бақара,2/185.


300
Ислам ғылымхалы
Бұл аятта айтылғандай оразаның мақсаты– 
мұсылманды тазартып, тақуалық дәрежеге жеткізу. Бірақ 
тақуалық деген не өзі? Осыны әуелі ұғынып, тұшынып 
алайық. Тақуа дегеніміз – сақтану, қорқу, сыйыну, 
Ұлы Жаратушының қорғанына кіру. Тақуалықтың үш 
дәрежесі бар:
Мәңгілік өлімнен сақтану. Яғни, өзін жаратқан 
Аллаһ Тағалаға сену, иман ету. Ұлы Жаратушыға иман 
етпеген адамның басына бақ, қолына құс қонғанмен 
қашан да жан-сарайы қараңғы болмақ. Өйткені, ертеңгі 
күн өлімге басы тігілгелі тұрған жанның бүгінгі татқан 
балы да у болып келеді. Ендеше, бүгіні жоқтың ертеңі 
де жоқ. Алайда, тілін кәлимаға келтіріп, Аллаһ Тағалаға 
иман етіп, мойынсұнған жан мәңгілік жаһаннам отынан 
құтылып, мәңгілік бақыттылық сарайы жәннатқа қарай 
қадам басады. Яғни, иман еткен өзін мәңгілік өлімге 
деген соқыр-сенім мен күпірліктен сақтайды.
Ұлы Жаратушыға қарсы келуден сақтану. Аллаһ 
Тағаланың көптеген бұйрықтары бар. Осы әмірлерді 
орындау – парыз. Және Оның көптеген тыйымдары да бар. 
Олардан алыс тұру – парыз. Оның тыйым салғандарына 
қол жүгірту – Оған қарсы келу деген сөз.
Тікелей Аллаһ Тағаланың қорғанына кіріп, Одан 
өзгені жүрекке алмау.
Ендеше, тақуалық – иманды, көркем мінезді, пара-
сатты жан болып, Аллаһ Тағалаға мойынсұнып, «толық 
адам» шыңына қарай «нұрлы ақылды» шырақ, «жылы 
жүректі» пырақ етіп, ыждаһаттылықпен қадам басып 
қайраттану. Демек, оразаның мақсаты – жанды рухани 
кірден тазартып, көркем мінезге тәрбиелеу, нәпсіге 
ауыздық салып, тізгінді қолға алу. Аса ойшыл Ибн 


301
Ораза
Рушд былай дейді: «Егер кімде-кім еркі мен нәпсісіне 
ие болса, онда ол өзін әлемнің ең бақытты адамымын 
деп санасын».
Бірақ ораза, аузы берік жанды тақуалық-тауына 
қалай жеткізеді? Жалпы адам баласының толық адам 
шыңына жетуі мен көркем мінезді болуының негізі – 
нәпсіге ие болуында жатыр. Нәпсі – бойдағы құмарлық 
сезім. Ол өзіне ұнамды келетін барлық нәрсеге қол 
сұққысы, татқысы келеді. Оның өлшемінде шек жоқ. 
Бүгінін, тіпті бір сәттік ләззатын ертеңі мен мәңгілік 
бақытына айырбастап яки сатып жіберуге қашан да 
құмбыл тұрады. Асылында, ол үшін ертең жоқ. Міне, 
осы кезде ақыл рөл ойнай бастайды. Ақыл – жақсы мен 
жамандықты айыра білетін адамның негізгі құралы. Бірақ 
сол ақылдың да өлшемі шектеулі. Оның бүгінгі жақсы 
дегені ертең жаман, жаман дегені жақсы болуы әбден 
ықтимал. Міне, осы кезде ақылға бүгіні мен ертеңінде 
жаңылыспайтын өлшем қажет. Бұл – илаһи өлшем. Егер 
адам баласы нәпсісіне ие бола алмаса, нәпсі адамның 
еркін қалаған жағына бағыттай алады. Кей кезде илаһи 
өлшемді білген ақылды тұтқындап тастап, еріксіз өзіне 
мойынсұндырып, тыйым салған нәрсеге қол сұқтырады. 
Сондықтан ақыл жүрекпен бірігіп, Аллаһ Тағаланың 
бұйрығын орындап ауыз бекітеді. Нәпсінің барлық 
күш-қуаты осы ауыз арқылы өтеді. Нәпсі қаншама 
ақыл мен ерікті ауыз ашуға қинаса да, ол екеуі Ұлы 
Жаратушының бұйрығынан аса алмайды. Ашыққан 
нәпсінің құмарлық сезімі әлсіреп, деңгейі төмендеп 
кетеді. Осы сәтте адам бойына рухани қарқын жүре бас-
тайды да, жүректің түпкірінде, нәпсінің қалтарысында 
қалған ар-ождан күллі адамгершілік сезімдерді оятып, 


302


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   173   174   175   176   177   178   179   180   ...   309




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет