296
Ислам ғылымхалы
тұрады: Аллаһтан басқа құдай жоқ екеніне, Мұхаммедтің
Аллаһтың құлы және Елшісі екеніне куәлік ету, намаз
оқу, зекет беру, Рамазан оразасын ұстау, шамасы кел-
гендерге
қажылыққа бару
312
.
Оразаның пайдалары
1. Рамазан мен айт мейрамы
«Рамазан келерде сансыз сезімдер мен толып
тасыған ойлар салтанат құрады. Күн мен түн де тұтастай
илаһи (құдайлық) рақымдылық
пен кешірімділікке
толып тасады. Мезгілі біткен сәтте жүректерге өзіне
деген қимас сезім мен сағыныш-сазы тұнады. Бірақ сол
бір жүректері рамазанға айналған жандарды жасытпай,
оларды іші құт-береке мен қуаныш-шаттық толған айт
күніне аманаттайды. Рамазаннан кейін айттың келуі біз
үшін тосын оқиға болмаса да, бейне бір жаңа атқан таңдай
жан-сарайымызды нұрға бөлеп, санамызды сәулесімен
қытықтап, көкжиектен көрінеді. Кейде ол бейне бір
толған айдай көгімізге көтеріліп жанарымыз бен көңіл-
көлімізге сәулесін түсіріп адам жанын тәтті армандарға
жетелеп, бойдағы асқақ сезімдерді оятады. Рамазанмен
ыстық ықылас құрған адам баласы айтты илаһи ша-
рапаттан төгілген сиқырлы уақыт сезініп, оның терең
тылсым-сырын аңғарады. Оның илаһи тартымдылығы
мен сиқырына малтып, уақытша болса да, рамазаннан
айрылысқан қасірет сезімінен жеңілдегенін сезініп, алып
рақым айының қоштасуы мен терең шарапат күнінің
мейрамын бірге тартады.
312
Бухари, Иман, 34.
297
Ораза
Біз айтты әрқашан тез туып, бір сәтте төбемізге
көтеріліп, бейне бір көзді ашып-жұмған жылдамдықпен
өмірін аяқтап батуға таянған толған айдай сезінеміз.
Әп-сәтте келіп, әп-сәтте кетіп, сағынышымызды ой-
санамызда қалған суреттермен оңаша қалдырады. Қысқа
уақыт аясына сыйып кеткен айттың аса бай әрі астам
жомарттығы сонша – онда апта мен айлардың жасырын
екендігін айту әсіре айтқандық емес. Ол қашан да көктен
ой-санамызға
бейне бір шырақтай жағылып, көңіл-
көгімізге шаттық-өзені болып құйылады. Көкірек-көзі
ашық жандардың да жанарының рухани жарығы жарқ
етіп, өзіне тартып, рамазанмен қимай қоштасқандарға
көктердің бейбіт-нұрын ұсынады.
Осылайша жалпы
бәріне жүрегінің тереңдігіне қарай,
рухани әлемнің
әсемдіктерін жеткізеді.
Айт – дүние мен ақыретке тән әсемдіктердің бір-
бірімен етене араласып, адамдардың рамазан бойы әр
түрлі ғибадаттар арқылы бейне бір періштеге айналып,
періштелер де осы ұқсастыққа бет бұрып, сол бір рухы
саф жандар арасында сайрандап, айнала илаһи әсемдік
пен сұлулыққа оранып, осынау ғажайып тылсым дүниені
көргендер, өздерін оянғысы келмейтін түс әлемінде деп
ойлайтынын айтуға тіл жетпес күн.
Осы мүбәрак күнде рамазан жеткен барлық жер-
жүзі періштелер мен рухани жандардың көктегі тылсым
әлеміндей көрініп, шаттыққа бөленген рухани ғаламатқа
тең бір сиқырлылыққа оранады. Сол сәттен қасиетті айт
мұсылмандарды өзіне баурап алып, оларды жүрек пен
рухани өмірінің тұңғиығына қарай тартады. Оларға ай
мен күн тіпті құс жолын қамти алатын кеңістік дайын-
дап, «құпия қазынаға» жап-жарық айна болу жолдарын