381
ҚАЖЫЛЫҚ
Хаж (араб тілінде) – құрмет тұтылған қасиетті
жерді зиярат ету мағынасын білдіреді. Ал шариғаттағы
терминдік мағынасы – қажылық айлары деп аталатын
арнайы уақытта Сауд арабиядағы Мекке қаласының
жанындағы Арафат тауында ғибадат ниетімен бір мезет
тұру, сосын Қағбаны тауап
396
ету және қажылықтың
арнайы басқа амалдарын орындау арқылы атқарылатын
ғибадат.
Қажылық ғибадатының орындалатын
айлары
Шәууал, Зилқағда және Зилхижжа айының алғашқы
он күні. Қажылықтағы әрбір амал үшін белгіленген
арнайы уақыт бар. Зиярат тауабының уақыты құрбан
айт күні таң атысымен басталып, қажылыққа ниет еткен
адамның өмірінің соңына дейін. Бірақ зиярат тауабын
құрбан айттың алғашқы үш күнінде
орындау уәжіп
болғандықтан, кімде-кім осы уақыттан кешіктірсе,
қажылығының дұрыс болуы үшін
құрбан шалуға
міндетті. Ал Арафат тауында тұрудың уақыты болса,
арафа күні түс ауғаннан құрбан айт күні таң намазының
уақыты кіргенге дейінгі уақыт.
396
Қағбаны ғибадат ниетімен айналу.
382
Ислам ғылымхалы
Қажылық ғибадатының пайдалары мен
хикметтері
Шамасы жеткен әрбір мұсылман баласына қажылық
ғибадаты парыз болғандықтын орындаушысы, ең бірінші,
Аллаһтың сый-сыяпатына кенеліп, күнәларынан арыла-
ды. Өйткені, Аллаһ Тағала өзінің әмірлерін орындаған
құлдарын ақыретте сый-сыяпатқа бөлейтіні туралы
уәде еткен. Қажылық ғибадатын ықыласпен орындаған
құлдардың күнәларының
кешірілетіні жайында
Пайғамбарымыздың (с.а.у.) бір хадисінде:
}ُهُّمُأ ُهْتَدَلَو ٍموَيَك ِهِبوُنُذ ْنِم َع َجَر ْق ُسْفَي ْمَل َو ْثُفْرَي ْمَلَف َّج َح ْنَم{
Достарыңызбен бөлісу: