385
Қажылық
мынаны ұғады: «бәріміздің де
Жаратушымыз бір,
Ризық беруші Иеміз бір, Құлшылық етушіміз де бір...
Дініміз де бір... Пайғамбарымыз да бір... Құбыламыз да
бір... Осылай бір-бірімен жалғасқан жүздеген бірлер...
Осынша бірлер өзара бірлік пен келісімді, сүйіспеншілік
пен бауырмалдықты қажет етеді».
Иә, бұлардың барлығы – ғалам мен планеталарды
бір-біріне жалғап тұрған рухани шынжыр іспетті жеке
адам ретінде әрі мемлекет ретінде Ислам әлемінің бірлігі
мен ынтымақ, татулығына негіз болатын байланыстар.
Қажылық осылайша Ислам бауырмалдығының іске
асуын қамтамасыз етеді. Дүниенің түкпір-түкпірінен
келген мұсылмандардың өзара бауыр екендігі қажылықта
дәлелдене түседі. (АҚШ-тағы қара нәсілді мұсылмандар
тобының жетекшісі Малкольм Иксті бұрынғы теріс
ұлтшылдық пікірінен арылтқан да осы қажылық бары-
сында көз жеткізгендері болатын).
4. Қажылық –
мұсылман ұлттар арасындағы
теңдіктің іс жүзіндегі көрінісі. Неге десеңіз, мұсылман
ұлттар қажылық кезінде бай-кедей,
білімді-білімсіз,
ұстаз-шәкірт, шен-шекпен жағынан кім болса о болсын
барлық дүниелік атақ-лауазымдарын бір жаққа ысырып
қояды. Киімдерін шешіп бәрі бірдей аппақ ихрам киеді.
Басқа мұсылман бауырларынан ажыратқысыз кейіпке
еніп, ешбір айырмашылықтары болмайды. Сырттай көз
тастасаң бәрі бірдей ақ кебінге оранған секілді. Еріксіз
Мақшарда мазардан түрегелер сәтті елестетеді.
Аллаһ Тағала «Хужурат» сүресінің 13-аятында
Достарыңызбен бөлісу: