46
Ислам ғылымхалы
қатқанда, айналасында
отырғандар одан бетер
дағдарып, сең соққандай теңселіп кетті. Тұла бойларын
қорқыныш билеген олар аздан кейін:
«Бұдан жаманы
не, Пайғамбарым?»
, – деуге ғана шамалары келді.
Сол кезде адамзаттың ардақ тұтар тұлғасы атанған
Аллаһ Елшісі:
–
«Жамандық атаулы - ізгілікке, күллі жақсылық
- жамандыққа саналған күні халдерің қандай болмақ?»
,
– деді.
Сонда сахабалар:
– Жақсылықтар жоғалып, жамандықтар жасала
ма? – деп сұрады.
– Бұдан да жаманы болады!
–
Бұдан жаманы қандай болмақ, Пайғамбарым?
–
Теріс қылықтарды көре тұра үнсіз қалып, беттен
алып, жамандықтың селіне көміліп кете барғанда,
тіпті оларға жамандықтың түр-түрін өздерің үйретіп
ынталандырған кезде, бұдан жаманы Аллаһ пен Оның
Елшісі жүректерден өшіп, бастарыңа қара күн туған
замандағы халдерің неткен аянышты?!
Адамзаттың
дара тұлғасы Пайғамбарымыз
жоғарыдағы сөздерді айтқанда сахабалардың тыныста-
ры әбден тарылып, дауыстары дірілдеп:
– Бұл да бола ма, Пайғамбарым? – деді.
–
Иә, бұдан сорақысы болады»
, – деп жауап
қатты.
Осы кезде Аллаһ Елшісі Аллаһ Тағалаға ант ете
отырып, Оның мына бір сөздерін жеткізді:
«Ұлылығыма
ант етейін. Мұндай күйге түскен қоғамға сарқырамадай
бүлікті салып жіберемін»
16
...
16
Хәйсәми. Мәжмәу´з-Зәуәид. Египет. т. 7/280-281.