Алматы 2010 Мұхитдин Исаұлы Қайрат Жолдыбайұлы ислам ғылымхалы


«Әлхамду лилләһил-ләзи әзһәбә ‘аннил-



Pdf көрінісі
бет32/309
Дата27.09.2023
өлшемі2,11 Mb.
#110880
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   309
 «Әлхамду лилләһил-ләзи әзһәбә ‘аннил-
әзә уә ‘аафани»

«Қиындықтан арылтып, жеңілдік 
берген Аллаһқа шүкір»
дұғасы оқылады.
Ел жүретін жерге дәрет сындыру дұрыс емес. 
Пайғамбарымыз: 
«Кімде-кім мұсылмандардың жүрген 
жолына дәрет сындырса, Аллаһ пен періштелер және 
барлық адамдар оған лағынет етсін»
31
– деп қатты 
ескерткен. Басқа хадисте былай айтылады: 
«Үш нәрседен 
сақтаныңдар: Су қайнары, жол ортасы және көлеңке. 
Мұндай жерлерге дәрет сындырмаңдар»
32
. Аллаһ Елшісі 
осылайша тазалыққа қатты маңыз берген.
29
Ибн Рушд, Әбу Уәлид Мухаммәд ибн Ахмәд әл-Хафид. 
Бидайәту’л-Муштәһид уә Ниһәиәту’л-Муктәсид. Станбул. 
1933.
30
Бухари, Уду´, 1,11.
31
Мәжмәу´з-Зәуәид, І.204.
32
Муслим, Таһарат, 68.


60
Ислам ғылымхалы
Әжетханада Құран оқымау, сөйлемеу керек. 
Құбылаға қарап немесе арқасын беріп отыруға болмай-
ды
33

Истинжа
Истинжа – қан, мәни, үлкен дәрет, кіші дәрет 
сияқты ластықтардан тазалану. Су арқылы, сақарада 
кішкене таспен де тазалауға болады. Пайғамбарымыздан 
сұрағанда: 
«Су мен тас арқылы»
деп жауап берген
34

Бірақ көмір, сүйекпен тазалау – мәкрүһ. Арнайы жасалған 
әжетхана қағазы және басқа да қағаздар жарамды.
Истибра
Истибра – кіші дәрет қалдықтарынан түгелдей 
арылу. Кіші дәретке истибра жасау – сүннет
35
. Истибра 
дәрет алмастан бұрын аздап күту, жүру, жөтелу арқылы 
жасалады. Бұл – ер кісілерге байланысты іс. Истибраға 
мына хадис дәлел: 
«Аллаһ Елшісі (с.а.у.) екі қабірдің 
жанынан өтті де, былай деді: «Олар азап шегуде. Азабы 
үлкен бір іс үшін емес. Кіші дәрет сындырғаннан кейін 
истибра жасамайтын»
36
.
Ғұсыл
«Ғұсыл» (араб тілінде) – жуыну, шомылу деген 
мағынаны берсе, шариғат терминінде бүкіл дененің 
арнайы түрде толық жуылуын білдіреді.
33
Әбу Дәәуд, Таһарат, 6.
34
Зуһайли.әл-Фиқһул-Ислами уә Әдиллатуһ. Димашқ.1985. 
І,196.
35
Ибн Мажә,Әбу Абдиллаһ Мухаммәд ибн Иазид әл-Казуини. 
Сунән. Египет, 1952. Таһарат; 19.
36
Бухари,Уду´, 55-56.


61


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   309




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет