Алматы 2010 Мұхитдин Исаұлы Қайрат Жолдыбайұлы ислам ғылымхалы


(Қажылықтың екінші уәжібі)



Pdf көрінісі
бет245/309
Дата27.09.2023
өлшемі2,11 Mb.
#110880
1   ...   241   242   243   244   245   246   247   248   ...   309
ажылықтың екінші уәжібі)
Шайтанға тас лақтыру: Қажылардың құрбан айт 
күндерінде Минада бір-біріне жақын арақашықта 
орналасқан тіктеулі тұрған үш шайтан тасқа кішкентай-
кішкентай тас лақтырулары – қажылықтың уәжіптерінің 
біреуі. Бұл тіктеулі тастар: Кішкентай шайтан (жәмра), 
Орта шайтан (жәмра) және Үлкен шайтан (Ақаба 
жәмрасы).
Шайтанға тас лақтырудың уақыты
(Шайтанға тас лақтыру уақыты – Құрбан айттың 
төрт күні)
Айттың алғашқы күні 
(Зилхижжаның 10-ы)
Айттың алғашқы күні тек қана Үлкен шайтанға 
(Ақаба жәмрасына) жеті тас лақтырылады. Алғашқы 
тас лақтырылысымен қажылықтың басынан айтылып 
келе жатқан «тәлбия» дұғасы тоқталады. Бұдан кейін 
тәлбия айтылмайды. Айттың бірінші күні шайтанға тас 
лақтырудың уақыты – таң атысымен басталып, ертесі 
күні таң атқанға дейінгі мерзім. Айттың бірінші күні күн 
шықпастан шайтанға тас лақтыру – мәкрүһ, күн шыққанан 
кейін түске дейін лақтыру – сүннет, түстен кейін күн 
батқанға дейін лақтыру – жәйіз (рұқсат етілген), себепсіз 
күн батқаннан кейін лақтыру – мәкрүһ. Адамдардың 
тығыздығына байланысты күн батқаннан кейін лақтыру 
мәкрүһ саналмайды. Күн батқаннан кейін лақтырудың 
мәкрүһ болуының себебі, лақтырылған тастардың


418
Ислам ғылымхалы
қараңғы болғандықтан шайтан тасқа тимей қалуы және 
басқа адамдарға зиян тию қаупі болғандықтан. Бірақ қазір 
арнайы жарықтандыру жүйелері қолданылғандықтан, 
аталмыш себептер кездеспей және күндіз адам тығыз 
болғандықтан, күн батқаннан кейін лақтырудың еш 
мәкрүһтігі жоқ.
Айттың екінші және үшінші күндері 
(Зилхижжаның 11-і және12-сі)
Айттың екінші және үшінші күндері әр үш шайтан 
тасқа (кішкентай, орта және үлкенге рет-ретімен) жеті 
жетіден – 21 тас лақтырылады. Бұл күндердегі тас 
лақтыру уақыты – түстен кейін басталып, ертесі күнгі 
таң атқанға дейінгі уақыт. Бұл екі күнде түске дейін тас 
лақтыруға болмайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   241   242   243   244   245   246   247   248   ...   309




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет