Алматы 2010 Мұхитдин Исаұлы Қайрат Жолдыбайұлы ислам ғылымхалы


Уақфаның дұрыс орындалуының



Pdf көрінісі
бет244/309
Дата27.09.2023
өлшемі2,11 Mb.
#110880
1   ...   240   241   242   243   244   245   246   247   ...   309
Уақфаның дұрыс орындалуының 
шарттары
1. Қажылық жасау ниетімен ихрамды болу
2. Арафат уақфасын жасаған болу
3. Уақфаны Муздәлифә аумағында жасау. «Ма’шар-
Харам» жақта жасау – сүннет.
422
Адамның қалауынсыз, еркінен тыс себептер.


416
Ислам ғылымхалы
4. Құрбан айт күні таңның атуынан бастап, күннің 
шығуына дейінгі уақытта жасау. Кімде-кім таң атпа-
стан кетіп қалып, қайтып Муздәлифәға келмесе уақфасы 
дұрыс болмайды. Бұл – Ханафи мәзһабында. Ал Шафиғи, 
Ханбали мәзһабтарында уақфаның уақыты түннің екінші 
жартысынан басталады. Бұл мәзһабтарда таңның атуы-
мен уақфа уақыты шығып, таң атқаннан кейін жасалған 
уақфа дұрыс болмайды.
Түнді Муздәлифә аумағында өткізіп, таң намазын 
ертерек оқып, намаздан кейін тәкбір, зікір айтып, дұға 
жасап, уақфаны жарық болғанға дейін жалғастырып, күн 
шықпастан Минаға қарай бет алу – сүннет.
Ақшам және Құптан намаздарын «жамғу-
тахирмен» оқу
Жамғу-тахир – бірінші намаздың уақыты шыққаннан 
кейін екінші намаздың уақытында екі намазды бірге 
қосып оқу. Арафа күні ақшам және құптан намаздарын 
құптан уақытында Муздәлифәда бірге, қосып оқу – 
уәжіп. Азан оқылып, қамат түсірілгеннен кейін ақшам 
намазының парызы оқылады. Сәлем берген соң, тәшриқ 
тәкбірі айтылады. Сосын азан шақырылмастан, қамат 
түсірілместен құптан намазының парызы оқылады. 
Сәлемнен кейін тәшриқ тәкбірі айтылады. Осылайша 
ақшам мен құптан намаздары бір азан, бір қаматпен 
құптан уақытында оқылады. Сосын құптанның соңғы 
сүннеті мен үтір уәжібі оқылады. Ақшам намазының 
парызын оқығаннан кейін сүннетін оқу – мәкрүһ.


417
Қажылық
Шайтанға тас лақтыру


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   240   241   242   243   244   245   246   247   ...   309




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет