Алматы 2010 Мұхитдин Исаұлы Қайрат Жолдыбайұлы ислам ғылымхалы



Pdf көрінісі
бет262/309
Дата27.09.2023
өлшемі2,11 Mb.
#110880
1   ...   258   259   260   261   262   263   264   265   ...   309
Умра ғибадатының үкімі
Ханафи, Малики мәзһабында мүмкіндігі болған әр 
мұсылманға умра жасау – бекітілген сүннет. Ал Шафиғи 
және Ханбали мәзһабтарында, шамасы жеткен әрбір 
мұсылманға өмірінде бір рет умра жасау – парыз.
Умраның парыздары
1. Ихрамға кіру
2. Қағбаны тауап жасау
Умраның орындалатын уақыты
Жоғарыда білдіргеніміздей, умра ғибадатын кез-
келген уақытта орындауға болады, бірақ құрбан айт 
күндері орындау – тахриман мәкрүһ. Умраның Рамазан 
айында жасалуы абзал және сауабы мол.
439
Бухари, Хайыз/27, Хаж/144, Муслим, Хаж/382(1328).


446
Ислам ғылымхалы
Умра ғибадаты қалай орындалады?
Умра ғибадатын орындағысы келген адам миқатта 
ихрамға кіру үшін дайындалып, екі рәкат ихрам намазын 
оқығаннан кейін 
«Аллаһым, мен сенің ризалығың үшін 
умра жасауды ниет еттім, умраны маған жеңілдет 
және менен қабыл ал», 
– деп ниет етіп, артынан тәлбия 
дұғасын айтып, ихрамға кіреді. Басқа уақыттардағы 
халал кейбір нәрселер ихрамды болған уақытта харам 
болады.
Мәсжидул-Харамға келген уақытта 
«Аллаһым, мен 
сенің ризалығың үшін умра тауабын жасауды ниет 
еттім, тауапты маған жеңілдет және менен қабыл 
ал», 
– деп ниет етіліп, умраның тауабы жасалады. Тауап 
біткеннен кейін мүмкін болса, Ибраһим мақамында, 
болмаса мешіттің кез келген жерінде екі рәкат намаз 
оқиды. Сосын 
«Аллаһым, мен сенің ризалығың үшін умра 
сағиін жасауды ниет еттім, сағиді маған жеңілдет 
және менен қабыл ал»,
– деп ниет етіп, Сафа және 
Мәруа төбелерінің арасында төрт рет бару, үш рет қайту 
болып, жеті рет барып-келумен умраның сағи міндеті 
атқарылады. Сағиді орындағаннан кейін шаштарын 
алғызып, немесе қысқартып, ихрамнан шығады. Осы-
лайша умра ғибадаты аяқталады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   258   259   260   261   262   263   264   265   ...   309




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет